HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Факстардағы күн жəне уақыт қате
Егер жазғы уақытты пайдаланатын елдеy/өңірде болсаңыз, факстардағы уақыт
белгісі əрқашан жергілікті уақыт белдеуі үшін дəл уақытта көрсетпеуі мүмкін.
Бұған қоса, мұрағатталатын факстардың əдепкі файл атауына (ол уақыт белгісін
қамтиды) əсер етілуі мүмкін.
Факстар қабылданғанда дұрыс уақытты көру үшін принтердің басқару тақтасынан
факстар журналын басып шығарыңыз.
Жазғы уақыт
пайдаланылғанда факстарда дұрыс уақыт көрсетілуін қосу үшін
EWS серверін пайдалаынп принтер пайдаланатын уақыт белдеуін қолмен дұрыс
уақытқа өзгертіңіз:
◦Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Енгізілген веб-серверді ашу бөлімін қараңыз.
Settings (Параметрлер) қойындысын басыңыз, содан кейін Preferences
(Параметрлер) астында Date & Time (Күн Уақыт) тармағын таңдаңыз.
◦Дұрыс уақытқа сəйкес келетін уақыт белдеуін таңдаңыз (əдетте уақыт
белдеуі сіздікінен бір сағат алда болады).
Ескертпе Еліңіз/өңіріңіз стандартты уақытқа оралғанда, уақыт белдеуін сіздің
уақыт белдеуіңізді көрсететіндей өзгертіңіз.
Жад картасы ақауларын жою
Түйіспе Көптеген жиі кездесетін принтер ақаулықтарын түзетуге көмектесетін
ақпарат пен қызметтік бағдарламаларды алу үшін
www.hp.com/support
мекенжайындағы HP компаниясының желідегі қолдау қызметі веб-торабына
кіруге болады.
Ескертпе Егер жад картасы əрекеттерін компьютерден бастасаңыз,
ақаулықтарды жою мəліметтерін алу үшін бағдарламалық құралдың
анықтамасын қараңыз.
Принтер жад құрылғысын оқи алмайды
Принтер жад құрылғысындағы фотосуреттерді оқи алмайды
Принтер жад құрылғысын оқи алмайды
Жад құрылғысын тексеру
◦Жад құрылғысы қолданылатын түрлердің біріне жататынына көз
жеткізіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Жад құрылғысының техникалық
сипаттары бөлімін қараңыз.
◦Кейбір жад карталары оларды пайдалануды бақылайтын қосқыштары
бар. Қосқыштың жад құрылғылары оқылатындай етіп орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Жад картасы ақауларын жою 161