HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
A: Принтердің желіге қосылып тұрғанын тексеру
1. Егер принтер Ethernet желі құруды қолдаса жəне Ethernet желісіне қосылған
болса, Ethernet кабелінің принтердің артқы бөлігіне қосылмағанына көз
жеткізіңіз. Егер Ethernet кабелі артқы бөлікке қосылса, сымсыз қосылым
өшіріледі.
2. Принтер сымсыз желіге қосылған болса, желіні теңшеу бетін басып
шығарыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Желіні теңшеу бетін түсіну бөлімін
қараңыз.
3. Бет басып шығарылғаннан кейін желі күйі мен URL мекенжайын тексеріңіз:
Желі күйі
Желі күйі дайын болса, принтер
желіге белсенді қосылған болғаны.
Желі күйі дербес болса,
принтердің желіге қосылмағаны.
Осы бөлімнің басындағы
нұсқаулармен сымсыз
қосылымның сынақ есебін іске
қосып, кез келген ұсыныстарды
орындаңыз.
URL Осы жерде көрсетілген URL — жол
жоспарлағышы арқылы принтерге
тағайындалған желі мекенжайы. Бұл
енгізілген веб-серверге (EWS) қосылу
үшін қажет.
Принтерді сымсыз желіге қосу туралы қосымша ақпаратты Сымсыз байланыс
үшін принтерді орнату бөлімінен қараңыз.
B: Енгізілген веб-серверге (EWS) кіру мүмкіндігін тексеру
Компьютер мен принтер екеуінде де желіге белсенді байланысы болғаннан кейін
бұлардың бірдей желіде екенін принтердің енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
арқылы растауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін
Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
Енгізілген веб-серверге (EWS) кіру
1. Компьютерде енгізілген веб-серверін (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін
Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз.
Ескертпе Шолғышта прокси-серверін қолданып жатсаңыз, енгізілген
веб-серверге (EWS) кіру үшін оны ажырату қажет болуы мүмкін.
2. Енгізілген веб-серверге (EWS) кіруге болатын болса, желі орнатылымының
сəттілігін көру үшін желі арқылы принтерді қолданып көріңіз (мыс., басып
шығару үшін).
Енгізілген веб-серверге (EWS) кіре алмасаңыз немесе принтерді желі арқылы
қолдануда əлі де ақаулықтар болса, брандмауэрлерге қатысты келесі бөлімді
жалғастырыңыз.
3-қадам. Компьютердің желіге виртуалды жеке желі (ВЖЖ) арқылы
қосылғанын тексеру
Виртуалды жеке желі (ВЖЖ
) (VPN) — ұйымның желісіне қашықтан, қауіпсіз
қосылымды беру үшін Интернетті қолданатын компьютер желісі. Дегенмен,
Сымсыз қосылым ақаулықтарын шешу 167