HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Жоғарыдағы қадамдарды орындағаннан кейін принтерді қолдану мүмкін болса,
бірақ компьютерді қолдануды жалғастырғанда белгілерінің əлі де бар екендігін
анықтасаңыз, желі қалқанының кедергі жасап тұрған болуы мүмкін. Қосымша
ақпарат алу үшін
Принтермен жұмыс істеу үшін желі қалқанының бағдарламалық
құралын теңшеу бөлімін қараңыз.
Принтерді əлі де желі арқылы қолдану мүмкін болмаса, қосымша ақаулықтарды
жою анықтамасы үшін келесі бөлімге өтіңіз.
5-қадам - Принтердің сымсыз қосылым нұсқасы əдепкі принтер драйвері
ретінде орнатылғанын тексеру (тек Windows үшін)
НР бағдарламалық құралын қайтадан орнатсаңыз, орнату құралы Принтеры
(Принтерлер) немесе Принтеры и факсы (Принтерлер мен факстар) немесе
Устройства и
принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) қалтасында принтердің
екінші нұсқасын жасауы мүмкін. Принтерде немесе принтерге қосылу кезінде
қиыншылықтар туындаса, принтер драйверінің дұрыс нұсқасы əдепкі ретінде
орнатылғанын тексеріңіз.
1. Пуск (Бастау)түймешігін, одан кейін Принтеры (Принтерлер)немесе
Принтеры и факсы (Принтерлер мен факстар) немесе Устройства и
Принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) түймесін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Панель управления (Басқару тақтасы)
қойындысын нұқыңыз да, Принтеры (Принтерлер) параметрін таңдаңыз.
2. Принтеры (Принтерлер) немесе Принтеры и факсы (Принтерлер мен
факстар) немесе Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер)
қалтасында принтер драйвері нұсқасының сымсыз қосылғанын анықтаңыз:
a. Принтер белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Свойства принтера
(Принтер сипаттары), Параметры документа по умолчанию
(
Құжаттың əдепкі параметрлері) немесе Параметры печати (Басып
шығару параметрлері) тармағын таңдаңыз.
b. Порты (Порттар) қойындысында құсбелгісі бар тізімдегі портты көріңіз.
Сымсыз қосылған принтер драйверінің нұсқасында құсбелгі жанындағы
порт сипаттамасы сияқты Повторно обнаружить порт монитора сети
HP (НР желісінің монитор портын қайта анықтау) параметрі болады.
3. Сымсыз қосылған принтер драйверінің нұсқасы үшін принтер белгішесін
екі
рет нұқып, Установить как принтер по умолчанию (Əдепкі принтер
ретінде орнату) параметрін таңдаңыз.
Ескертпе Принтер үшін қалтада бірнеше белгіше бар болса, сымсыз
қосылған принтер драйверінің нұсқасы үшін принтер белгішесін тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басып, Установить как принтер по умолчанию (Əдепкі
принтер ретінде орнату) параметрін таңдаңыз.
6-қадам - Желі қалқаны бағдарламалық құралының байланысты
блоктайтынын көру үшін тексеру
Енгізілген веб-серверге (EWS) кіре алмасаңыз жəне компьютер мен принтердің
бірдей желіге белсенді қосылғанынан сенімді болсаңыз, желі қалқаны қауіпсіздік
бағдарламалық құралының байланысты блоктауы мүмкін. Компьютерде іске
Сымсыз қосылым ақаулықтарын шешу 169