HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Принтерді басқару ақауларын шешу
Түйіспе Көптеген жиі кездесетін принтер ақаулықтарын түзетуге көмектесетін
ақпарат пен қызметтік бағдарламаларды алу үшін
www.hp.com/support
мекенжайындағы HP компаниясының желідегі қолдау қызметі веб-торабына
кіруге болады.
Бұл бөлім принтерді басқару кезінде туындайтын жалпы ақаулықтар үшін
шешімдерді береді. Осы бөлімде төмендегідей тақырып бар:
Енгізілген веб-сервер ашылмайды
Ескертпе Енгізілген веб-серверді қолдану үшін принтер Ethernet немесе
сымсыз қосылым көмегімен желіге қосылуы керек. Принтер компьютерге USB
кабелі арқылы қосылған болса, енгізілген веб-серверді қолдана алмайсыз.
Енгізілген веб-сервер ашылмайды
Желі параметрлерін тексеру
Принтерді желіге қосу үшін телефон сымы немесе айқасқан кабель
пайдаланылмағанын тексеріңіз.
Желі кабелінің принтерге қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз.
Желі хабы, қосқышы немесе жол жоспарлағышы қосылғанын жəне олардың
дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
Компьютерді тексеру
Қолданылатын компьютердің желіге қосылғанын тексеріңіз.
Ескертпе Енгізілген веб-серверді қолдану үшін принтер Ethernet
немесе сымсыз қосылым көмегімен желіге қосылуы керек. Принтер
компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, енгізілген веб-серверді
қолдана алмайсыз.
Веб-шолғышты тексеру
Веб-шолғыштың жүйе талаптарының ең азына сəйкес келетінін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Енгізілген веб-сервердің техникалық сипаттары
бөлімін қараңыз.
Веб-шолғыш Интернетке қосылу үшін кез келген прокси параметрлерін
қолданатын болса, осы параметрлерді өшіріп көріңіз. Қосымша ақпаратты
веб-шолғышта қол жетімді құжаттан қараңыз.
JavaScript жəне cookie файлдарының веб-шолғышқа қосылғанын тексеріңіз.
Қосымша ақпаратты веб-шолғышта қол жетімді құжаттан қараңыз.
Бап 9
172 Мəселені шешу