HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
3. Шығыршықтардан қағазды жайлап шығарып алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Шығыршықтардан шығарып алған кезде қағаз жыртылып
кетсе, принтердің ішінде қалып қоюы мүмкін қағаздың бөліктерін алу үшін
шығыршықтар мен дөңгелектерді тексеріңіз. Принтерден қағаз
бөліктерінің барлығын алып тастамасаңыз, көбірек қағаз кептелісі
туындауы мүмкін.
4. 2-қадамда жасыл ілмекті басқан болсаңыз, оны қайтадан орнына тартыңыз.
5. Құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралдың қақпағын жабыңыз.
Қағаз кептелістерінен құтылу
Қағаз кептелістерінен құтылу мақсатында көмек алу үшін осы нұсқауларды
орындаңыз.
Басып шығарылған қағаздарды жайлап шығыс науасынан алып тастаңыз.
Басып шығару үшін мыжылған, бүгілген немесе зақымдалған медиа
құралдарын қолданып жатпағаныңызды тексеріңіз.
Бұратылуды немесе мыжытуды болдырмау үшін барлық қолданылмаған
қағазды тегіс жабық қалтада сақтаңыз.
Принтер үшін тым қалың немесе тым жұқа қағазды
қолданбаңыз.
Науалардың дұрыс жүктелгенін жəне тым көп жүктелмегенін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Қағазды жүктеңіз бөлімін қараңыз.
Кіріс науасына жүктелген қағаздардың тегіс орналасуын жəне ұштары
бүгілмеуін не жыртылмауын қамтамасыз етіңіз.
Құжатты жүктейтін науаға тым көп қағаз салмаңыз. Құжаттарды автоматты
түрде жүктейтін құралда рұқсат етілетін парақтардың ең үлкен саны туралы
қосымша ақпаратты
Қағаз сипаттары бөлімінен қараңыз.
Кіріс науасындағы əртүрлі қағаз түрлерін жəне қағаз өлшемдерін
біріктірмеңіз; кіріс науасындағы қағаздың барлығы бірдей өлшемде жəне
түрде болуы қажет.
Бап 9
188 Мəселені шешу