HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Бөлек факс желісімен принтерді орнату
1. Принтермен бірге берілген қораптағы телефон сымын қолданып бір ұшын телефон
ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердің артындағы таңбаланған 1-LINE
портына қосыңыз.
Ескертпе Жеткізілген телефон сымын ел/аймақ үшін берілген адаптерге қосуға
болады.
Телефон ұясын принтерге қосу үшін берілген сымды қолданбасаңыз, факсты сəтті
жіберу мүмкін болмауы ықтимал. Бұл арнайы телефон сымы үйдегі немесе
кеңседегі бұрыннан орнатылған болуы мүмкін телефон сымдарынан басқа
болады.
2. Авто жауап беру параметрін қосыңыз.
3. (Қосымша) Жауап берілетін қоңыраулар параметрін төменірек параметрге (екі
қоңырау) өзгертіңіз.
4. Факс сынағын іске қосыңыз.
Принтерге қоңырау шалынғанда, принтер Жауап берілетін қоңыраулар параметрінде
орнатылған бірнеше қоңыраудан кейін автоматты түрде жауап береді. Принтер факсты
қабылдау сигналдарын жіберуші факс құрылғысына шығарып, факсты қабылдайды.
B жағдайы: Сандық абоненттік желісі (DSL) бар принтерді орнату
Телефон компаниясы арқылы DSL бар болса жəне принтерге ешбір жабдықты қоспаған
болсаңыз, телефон ұясы мен принтер арасында DSL сүзгісін қосу үшін осы бөлімдегі
нұсқауларды қолданыңыз. DSL сүзгісі принтер телефон желісімен дұрыс байланыса
алатындай, принтерге кедергі жасауы мүмкін сандық сигналды жояды. (Сандық абоненттік
желі (DSL) сіздің еліңізде/аймағыңызда ассиметриялық сандық абоненттік желі (АDSL) деп
аталуы мүмкін.)
Ескертпе DSL желісі болса жəне DSL сүзгісіне қосылмасаңыз, принтермен факстарды
жіберу жəне қабылдап алу мүмкін болмайды.
Принтердің артқы көрінісі
1 Телефон ұясы
2DSL (немесе АDSL) сүзгісі мен DSL жеткізушісі арқылы берілген
сым
Қосымша C
234 Қосымша факсты орнату