HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
3 Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын 1-LINE
портына қосу үшін қолданыңыз.
Жеткізілген телефон сымын ел/аймақ үшін берілген адаптерге
қосуға болады.
Сандық абоненттік желісі бар принтерді орнату
1. DSL провайдерінен DSL сүзгісін алыңыз.
2. Принтермен бірге берілген қораптағы телефон сымын қолданып бір ұшын DSL
сүзгісіндегі ашық портқа қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердің артындағы
таңбаланған 1-LINE портына қосыңыз.
Ескертпе Жеткізілген телефон сымын ел/аймақ үшін берілген адаптерге қосуға
болады.
Телефонның DSL сүзгісін принтерге қосу үшін берілген сымды қолданбасаңыз,
факсты сəтті жіберу мүмкін болмауы ықтимал. Бұл арнайы телефон сымы үйдегі
немесе кеңседегі бұрыннан орнатылған болуы мүмкін телефон сымдарынан басқа
болады.
Тек қана бір телефон сымы берілгендіктен, осы орнатылым үшін қосымша
телефон сымдарын алуыңыз
қажет болуы мүмкін.
3. DSL сүзгісінен қосымша телефон сымын телефон ұясына қосыңыз.
4. Факс сынағын іске қосыңыз.
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулықтар туындаса, келесі көмектерді алу
үшін жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
С жағдайы: Жеке телефон станциясының жүйесімен (PBX) немесе біріктірілген
қызметтердің сандық желісімен (ISDN) принтерді орнату
PBX телефон жүйесін немесе ISDN түрлендіргішін/терминал адаптерін қолданып жатқан
болсаңыз, келесі əрекеттерді орындағаныңызды тексеріңіз:
PBX телефон жүйесін немесе ISDN түрлендіргішін/терминал адаптерін қолданып
жатқан болсаңыз, принтерді факс жəне телефон қолданысы үшін тағайындалған
портқа қосыңыз. Сондай-ақ, мүмкін болса, терминал адаптерінің ел/аймақ үшін дұрыс
қосылым түріне орнатылғанын тексеріңіз.
Ескертпе ISDN жүйелері арнайы телефон жабдығына арналған порттарға
теңшеуге мүмкін береді. Мысалы, телефон жəне 3 факс тобы үшін бір порт
тағайындалған болуы жəне əртүрлі мақсаттар үшін басқа порт тағайындалған
болуы мүмкін. ISDN түрлендіргішінің факс/телефон портына қосылған кезде
ақаулықтар туындаса, əртүрлі мақсаттар үшін тағайындалған портты қолданып
көріңіз; бұл «бірнеше біріктірілген» немесе осыған ұқсас таңбалануы мүмкін.
PBX телефон жүйесін қолданып жатқан болсаңыз, қоңырау шалуды күту сигналын
«өшірулі» етіп орнатыңыз.
Ескертпе Көптеген сандық PBX жүйелері əдепкіде «қосулы» етіп орнатылған
қоңырауды күту сигналын қамтиды. Қоңырауды күту сигналы кез келген факсты
таратуға кедергі келтіреді жəне принтермен факстарды жіберу жəне алу мүмкін
болмайды. Қоңырауды күту сигналын өшіру жолы туралы нұсқауларды PBX
телефон жүйесімен бірге берілген құжаттан қараңыз.
(жалғасы)
Факсты орнату (параллель телефон жүйелері)235