HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
4. Принтермен бірге берілген қораптағы телефон сымын қолданып бір ұшын телефон
ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердің артындағы таңбаланған 1-LINE
портына қосыңыз.
Ескертпе Жеткізілген телефон сымын ел/аймақ үшін берілген адаптерге қосуға
болады.
Телефон ұясын принтерге қосу үшін берілген сымды қолданбасаңыз, факсты сəтті
жіберу мүмкін болмауы ықтимал. Бұл арнайы телефон сымы үйдегі немесе
кеңседегі бұрыннан орнатылған болуы мүмкін телефон сымдарынан басқа
болады.
5. Модемнің бағдарламалық құралы факстарды компьютерге автоматты түрде алу үшін
орнатылған болса, бұл параметрді ажыратыңыз.
Ескертпе Модемнің бағдарламалық құралында факсты автоматты түрде
қабылдау функциясын ажыратпаған болсаңыз, принтер факстарды қабылдай
алмайды.
6. Енді принтердің қоңырауларға автоматты түрде немесе қолмен жауап беретінін шешу
қажет:
Принтерді қоңырауларға автоматты түрде жауап беретін етіп орнату үшін, ол
барлық кіріс қоңырауларына жауап беріп, факстарды қабылдайды. Бұл
жағдайда принтер факс пен дыбыстық қоңыраулар арасындағы
айырмашылықты ажыратпайды; дыбыстық қоңырау екенін сезсеңіз, принтер
қоңырауға жауап бермесе бұрын өзіңіздің жауап беруіңіз қажет. Принтерді
қоңырауларға
автоматты түрде жауап беретін етіп орнату үшін Авто жауап
беру параметрін қосыңыз.
Принтерді факстарға қолмен жауап беру үшін орнатқан болсаңыз, кіріс факс
қоңырауларына жауап беретін адамның болуы қажет, əйтпесе принтер
факстарға жауап бере алмайды. Принтерді қоңырауларға қолмен жауап беретін
етіп орнату үшін Авто жауап беру параметрін ажыратыңыз.
7. Факс сынағын іске қосыңыз.
Принтер қоңырауға жауап бермес бұрын телефонды көтеріп, жіберуші факс құрылғысынан
факс сигналдарын естісеңіз, факс қоңырауына қолмен жауап беру қажет.
Дыбыстық, факс жəне компьютерде теру модемі үшін телефон желісін қолданып жатсаңыз,
факсты орнату мақсатында осы нұсқауларды орындаңыз.
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулықтар туындаса, келесі көмектерді алу
үшін жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен
байланысыңыз.
Қосымша C
244 Қосымша факсты орнату