HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулықтар туындаса, келесі көмектерді алу
үшін жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
K жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру модемі жəне
дыбыстық поштасы бар факс желісі
Бірдей телефон нөміріне дыбыстық қоңырауларды жəне факс қоңырауларын қабылдайтын
болсаңыз, бірдей телефон желісінде компьютерде теру модемін қолданатын болсаңыз жəне
осы телефон компаниясы арқылы дыбыстық пошта қызметіне де жазылған болсаңыз,
принтерді осы бөлімде сипатталғандай орнатыңыз.
Ескертпе Факс қоңыраулары үшін қолданылатын бірдей телефон нөмірінде дыбыстық
пошта қызметі болса, факстарды автоматты түрде қабылдау мүмкін болмайды.
Факстарды қолмен қабылдау қажет болады; бұл кіріс факстары қоңырауларына жауап
беру үшін сіздің қол жетімді болуыңыз қажет дегенді білдіреді. Оның орнына факстарды
автоматты түрде қабылдағыңыз келсе, арнайы қоңырау қызметіне жазылу немесе факс
үшін бөлек телефон
желісін алу үшін телефон компаниясымен байланысыңыз.
Компьютердің теру модемі принтермен бірге телефон желісін ортақ пайдалануды
бастағаннан бастап, модем мен принтерді бір уақытта бірге қолдана алмайсыз. Мысалы,
электрондық пошта хабарламасын жіберу не Интернетке кіру үшін компьютердің теру
модемін қолданып жатқан болсаңыз, принтерді факс жіберу үшін қолдана алмайсыз.
Компьютердегі телефон порттарының санына негізделген принтерді компьютермен бірге
орнатуға арналған екі түрлі
жол бар. Бастамас бұрын бір немесе екі телефон порттарының
болуын қарау үшін компьютерді тексеріңіз.
Компьютерде тек бір ғана телефон порты болса, суретте көрсетілгендей параллель
сплиттерді сатып алу қажет (жалғастырғыш деп те аталады). (Параллель сплиттердің
алдыңғы жағында бір RJ-11 порты жəне артқы жағында екі RJ-11 порты бар. Екі
сымды телефон сплиттерді, сериялық сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11
порты бар жəне артқы жағында ашасы бар параллель сплиттерді қолданбаңыз).
Параллель сплиттердің мысалы
Компьютерде екі телефон порты болса, принтерді келесі сияқты орнатыңыз:
Принтердің артқы көрінісі
Қосымша C
252 Қосымша факсты орнату