HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
НР бағдарламалық құралын жою жəне қайта орнату
Орнатылым толық болмаса немесе НР бағдарламалық құралының экранда ескертуіне дейін
компьютер USB кабелі арқылы қосылған болса, принтермен бірге берілген НР
бағдарламалық құралын жойып, оны қайта орнату қажет болуы мүмкін. Жай ғана
компьютерден принтердің бағдарлама файлдарын жоймаңыз. НР бағдарламалық құралын
орнатқан кезде берілген жою қызметтік бағдарламасын қолданып оларды дұрыс
жойғаныңызды тексеріңіз.
Windows
Mac OS X
Windows
Жою — 1-əдіс
1. Принтерді компьютерден ажыратыңыз. НР бағдарламалық құралын қайта орнатпас
бұрын компьютерді принтерге қоспаңыз.
2. Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймесін басып, Программы
(Бағдарламалар) немесе Все программы (Барлық бағдарламалар), одан кейін HP
тармақтарын таңдап, принтер атауын басыңыз да, Удалить (Жою) түймесін басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Ортақ пайдаланылатын файлдарды жою туралы сұралған
кезде, Нет (Жоқ) түймешігін
басыңыз.
Файлдар жойылса, осы файлдарды қолданатын басқа бағдарламалардың дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
5. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
6. HP бағдарламалық құралын қайта орнату үшін НР бағдарламалық құралы бар ықшам
дискіні компьютердің ' дискіенгізгісіне салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
7. HP бағдарламалық құралы компьютерге қосу əрекетін орындауды сұраған кезде,
принтерге жалғаңыз.
8.
Принтерді қосу
үшін (Қуат) (қуат түймешігі) түймесін басыңыз.
Принтерге қосылғаннан жəне оны қосқаннан кейін, барлық қосылу жəне ойнату
əрекеттерінің аяқталуы үшін бірнеше минут күту қажет болуы мүмкін.
9. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жою — 2-əдіс
Ескертпе Windows амалдық жүйесін бастау мəзірінде Удалить (Жою) параметрі қол
жетімді болмаса, осы əдісті пайдаланыңыз.
1. Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры
(Параметрлер), Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдап,
Добавить/Удалить программы (Бағдарламаларды қосу/жою) қойындысын нұқыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Панель управления (Басқару тақтасы) қойындысын
нұқыңыз да, Программы и свойства (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) параметрін
таңдаңыз.
2. Принтердің атауын нұқып, Изменить/Удалить (Өзгерту/жою)
немесе Удалить/
Изменить (Жою/өзгерту) түймешігін басыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Принтерді компьютерден ажыратыңыз.
НР бағдарламалық құралын жою жəне қайта орнату 267