HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
E Принтердің басқару құралдары
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
Құралдар жинағы (Windows)
HP қызметтік бағдарламасы (Mac OS X)
Енгізілген веб-сервер (EWS)
Өнім қауіпсіздігі мүмкіндіктері
Құралдар жинағы (Windows)
Құралдар жинағы принтерге күтім көрсету туралы мəліметтерді береді.
Ескертпе Құралдар жинағын жүйе талаптарына сəйкес келетін HP бағдарламалық
құрал ықшам дискісінен орнатуға болады.
Құралдар жинағын ашу
1. Принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін принтер
бағдарламалық құралы (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Басып шығару, Сканерлеу& Факс жіберу қойындысындағы Басып шығару
бөлімінің астында Принтерді сақтау параметрінде тінтуірдің түймешігін екі рет
басыңыз.
HP қызметтік бағдарламасы (Mac OS X)
HP қызметтік бағдарламасы принтер параметрлерін теңшейтін, принтерді теңшейтін, желіде
жабдықтарға тапсырыс жасайтын жəне веб-тораптың қолдау көрсететін мəліметтерін
табатын құралдарды қамтиды. HP қызметтік бағдарламасы Компьютерге сканерлеу
параметрлеріне де пайдаланылады. Мысалы, Компьютерге сканерлеу параметрін қосып/
ажыратып, əр сканерлеу тіркесіміне қасиетін теңшеңіз.
Ескертпе НР қызметтік бағдарламаларында қол жетімді мүмкіндіктер таңдалған
принтерге байланысты əртүрлі болады.
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Төмен сия туралы хабарламаны алған кезде, ықтимал басып
шығару кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждың болуын қарастырыңыз.
Оны орындау сұралмайынша картридждарды ауыстырудың қажеті жоқ.
HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз
HP қызметтік бағдарламасын ашу
Служебная программа HP (HP қызметтік бағдарламасы) белгішесін екі рет басыңыз,
белгіше Приложения/Hewlett-Packard (Бағдарламалар/Hewlett-Packard) қалтасында
орналасқан.
Енгізілген веб-сервер (EWS)
Принтер желіге қосылған кезде, күй туралы ақпаратты қарау, параметрлерді өзгерту жəне
оны компьютерден басқару үшін принтердің ' бастапқы бетін (енгізілген веб-сервер немесе
EWS) қолдануға болады.
Принтердің басқару құралдары 269