HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
G Қателер (Windows)
Принтер ажыратылған
Келесі жағдайлардың бірі туындағандықтан компьютер принтермен байланыса алмайды:
Принтер өшірілген.
USB кабелі немесе желі (Ethernet) кабелі сияқты принтерге қосылған кабель
ажыратылған.
Принтер сымсыз желіге қосылған болса, сымсыз қосылым үзілген.
Осы ақаулықты шешу үшін, келесі шешімдерді қолданып көріңіз:
Принтердің қосылғандығын жəне
(Қуат түймесі) шамы қосулы болуын тексеріңіз.
Қуат сымы мен басқа кабельдердің жұмыс істеп тұрғанын жəне принтерге нық
жалғанғанын тексеріңіз.
Қуат сымының жұмыс істеп тұрған, айнымалы ағымдағы қуат розеткасына берік
жалғанғанын тексеріңіз.
Егер принтер желіге қосылса, желінің тиісті түрде жұмыс істейтініне көз жеткізіңізy.
Қосымша ақпарат алу үшін
Ethernet желісінің ақауларын шешу бөлімін қараңыз.
Егер принтер желіге қосылса, желінің тиісті түрде жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Сымсыз қосылым ақаулықтарын шешу бөлімін қараңыз.
Басып шығару механизмінің мəселесі
Басым шығару механизмі жоқ, анықталмады, дұрыс орнатылмаған немесе үйлесімді емес.
егер бұл қате принтерді орнату кезінде орын алса, келесі шешімдерді қолданып
көріңіз.
1-шешім: Басып шығару механизмін қайта орнатыңыз.
Нұсқауларды Басып шығару механизмін қайта орнату бөлімінен қараңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Басып шығару механизмдерінде оңай зақымдалатын контактілер бар.
Басып шығару механизмін қайта орнатқаннан кейін де ақаулық сақталса, НР қолдау көрсету
орталығымен байланысыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
HP қолдау қызметі бөлімін
қараңыз.
Егер бұл қате принтерді біраз уақыт бойы пайдаланғаннан кейін орын алса, келесі
шешімдерді қолданып көріңіз.
1-шешім: Принтерді өшіріңіз жəне қосыңыз.
Принтерді өшіріп, оны қайта қосыңыз.
Егер мəселе қайталанса қызмет көрсетуі немесе ауыстыруы үшін HP қолдау қызметіне
хабарласыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
HP қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
Картридж ақаулығы
Сия картриджы жоқ, зақымдалған, сəйкес емес, принтердегі дұрыс емес ұяға кірістірілген
хабарламасын анықтады.
Ескертпе Картридж сəйкес емес делінген хабарламада анықталса, принтер үшін
картридждарды алу туралы ақпаратты
Басып шығару жабдықтарына желіде тапсырыс
беру бөлімінен қараңыз.
278 Қателер (Windows)