HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Науаларды теңшеу
Ескертпе 2-науаопциялық қосалқы құрал. Тапсырыс беру туралы ақпарат
алу үшін
Басып шығару жабдықтарына желіде тапсырыс беру бөлімін
қараңыз.
Науаларды теңшеу үшін 2-науасын орнатып, қосу керек.
Əдепкі бойынша, принтер баспа құралын 1-науадан алады. Егер 1-науа бос
болса, принтер баспа құралын 2-науадан (егер ол онатылған жəне оған баспа
құралы жүктелген болса) алады. Бұл əдепкі мінез-құлықты келесі мүмкіндіктерді
пайдалана отырып өзгертуге болады:
Науа құлпы: Бұл мүмкіндікті кездейсоқ бланк немесе алдын ала басылған
баспа құралы сияқты арнайы баспа құралын пайдаланудан
қорғау үшін
пайдаланыңыз. Егер құжатты басып шығарып жатқанда баспа құралы бітсе,
принтер баспа тапсырмасын аяқтау үшін құлыпталған науадағы баспа
құралын пайдаланбайды.
Əдепкі науа: Бұл мүмкіндікті принтер баспа құралын бірінші алатын науаны
анықтау үшін пайдаланыңыз.
Ескертпе Науа құлпын жəне əдепкі науа параметрлерін пайдалану үшін
принтер бағдарламалық құралында автоматты науаны таңдау опциясын
таңдау керек. Сондай-ақ, егер принтер желіде болса жəне əдепкі науаны
орнатсаңыз, параметр принтердегі барлық пайдаланушыларға əсер етеді.
2-науа тек кəдімгі қағаз салуға арналған.
Келесі кестеде баспа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін науа параметрлерін
пайдаланудың мүмкін жолдары тізілген.
Мен қалаймын ... Осы қадамдарды орындау
Екі науаға да бірдей баспа құралын
салыңыз, сонда принтер біреуі бос болса,
екінші науадан баспа құралын алады.
1-науаға жəне 2-науаға баспа
құралын жүктеңіз. Қосымша ақпарат
алу үшін
Қағазды жүктеңіз бөлімін
қараңыз.
Науа құлпы ажыратылғанын
тексеріңіз.
Науаларға арнайы баспа құралын (мысалы,
бланк) да, кəдімгі қағазды да жүктеңіз.
1-науаға арнайы баспа құралын жəне
2-науаға кəдімгі қағазды жүктеңіз.
Əдепкі науа 2-науа деп орнатылғанын
тексеріңіз.
Науа құлпы 1-науа деп орнатылғанын
тексеріңіз.
Екі науаға да баспа құралын жүктеңіз, бірақ
принтерді алдымен арнайы науадан баспа
құралын алғызыңыз.
1-науаға жəне 2-науаға баспа
құралын жүктеу.
Əдепкі науа тиісті науаға
орнатылғанын тексеріңіз.
Қосалқы құралдарды орнату 33