HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Сканер əйнегін тазарту
Ескертпе Сканер əйнегіндегі, сканер қақпағы негізіндегі немесе сканер
жақтауындағы шаң немесе лас сканердің жұмысын жайлатуы, сканердің
сапасын төмендетуі, көшірмелерді арнайы бет өлшеміне сəйкестендіру сияқты
арнайы мүмкіндіктердің мұқияттылығына əсер етуі мүмкін.
Сканер əйнегін тазарту
1. Принтерді өшіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Принтерді өшіру бөлімін
қараңыз.
2. Сканер қақпағын көтеріңіз.
3. Жұмсақ əйнекті тазартқышпен дымқылданған жұмсақ, мамықсыз матаны
қолдану арқылы əйнекті тазалаңыз. Əйнекті құрғақ, жұмсақ, мамықсыз
матамен құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Сканер əйнегін тазарту үшін тек қана əйнекті
тазартқышты қолданыңыз. Сканер əйнегіне зақым келтіруі мүмкін
қырғыштары, ацетон, жанармай, көміртек тетрахлориді бар
тазартқыштарды қолданбаңыз. Сканер əйнегінде жолақтар қалдыруы
мүмкін изопропил спиртін қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Əйнек тазартқышты сканер əйнегіне тікелей шашпаңыз.
Егер көп тазартқыш қолданылса, тазартқыш сканер əйнегінің астына өтіп,
сканерді зақымдауы мүмкін.
4. Сканер қақпағын жауып, принтерді қосыңыз.
Сыртқы бөлікті тазарту
АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРУ Принтерді тазаламас бұрын оны (Қуат)
(Қуат) түймешігін басу арқылы өшіріп, электр розеткасынан қуат сымын
ажыратыңыз.
Шаңды, дақтарды жəне корпусындағы іздерді сүрту үшін жұмсақ, дымқыл,
мамықсыз матаны қолданыңыз. Принтердің ішкі бөлігінен, сондай-ақ, принтердің
басқару тақтасынан сұйықтықты алшақ ұстаңыз.
Принтерді жөндеу 35