HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралды тазарту
Құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құрал бірнеше бетті алатын болса немесе
қарапайым қағазды алмайтын болса, шығыршықтарын жəне бөлгіш тіректі
тазартыңыз. Автоматты құжат бергіш ішіндегі үстіңгі жиынтыққа кіру үшін
автоматты құжат бергіш қақпағын көтеріп, шығыршық пен бөлгіш тіректі тазалап,
қақпағын жабыңыз.
Шығыршықтарды немесе бөлгіш тіректі тазарту
1. Құжаттарды жүктейтін науадан барлық түпнұсқаларды алып тастаңыз.
2. Құжаттарды
автоматты түрде жүктейтін құралдың қақпағын көтеріңіз (1).
Бұл шығыршықтар (2) мен бөлгіш тірекке (3) оңай қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
1 Құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралдың қақпағы
2 Шығыршықтар
3 Бөлгіш тірек
3. Тазартылған сумен таза мамықсыз матаны жайлап ылғалдаңыз, одан кейін
матадан шамадан тыс сұйықтықты сығып тастаңыз.
4. Шығыршықтардан немесе бөлгіш тіректен кез келген қалдықтарды алып
тастау үшін дымқыл матаны қолданыңыз.
Ескертпе Егер қалдық тазартылған сумен кетпесе, изопропил
(жылтырататын) спиртін қолданып көріңіз.
5. Құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралдың қақпағын жабыңыз.
Бап 1
36 Жұмысқа кіріскенде