HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
4. Дайындамалар қалқымалы мəзірінен Мəтіні бар құжат параметрін таңдап,
Жалғастыру түймешігін басыңыз.
5. Барлық беттер сканерленген соң, Файл мəзірінен Сақтау параметрін
таңдаңыз. Басып шығару тілқатысу терезесі шығады.
6. Файл сақталатын файл немесе қалта атауын енгізіп, файлдың шығыс пішімін
таңдаңыз:
Мен қалаймын ... Осы қадамдарды орындау
Түпнұсқаны пішімдеусіз тек мəтінді
шығарып алу
Формат (Пішім) қалқымалы мəзірінен
TXT параметрін таңдаңыз.
Түпнұсқаның кейбірін пішімдеу арқылы
мəтінді шығарып алу
Формат (Пішім) қалқымалы мəзірінен
RTF параметрін таңдаңыз.
7. Сохранить (Сақтау) түймешігін басыңыз.
Құжаттарды өңделетін мəтін ретінде сканерлеуге арналған нұсқаулар
Бағдарламалық құралдың құжаттарды сəтті түрлендіруін қамтамасыз ету үшін,
келесі əрекетті орындаңыз:
Сканер əйнегінің немесе құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құрал
терезесінің таза болуын тексеріңіз.
Принтер құжатты сканерлеген кезде, сканер əйнегіндегі немесе құжаттарды
автоматты түрде жүктейтін құрал терезесіндегі лас дақ немесе шаң да
сканерленуі мүмкін, сондай-ақ, бағдарламалық құралдың құжатты өңделетін
мəтінге түрлендіруіне кедергі
келтіруі мүмкін.
Құжаттың дұрыс жүктелгенін тексеріңіз.
ADF бағдарламасынан өңделетін мəтін секілді құжаттарды сканерлеу
кезінде, кітаптық бағдарда бастапқы басып шығарылған құжаттың жоғарғы
жиегі бірінше өтетіндей бетті орналастырыңыз. Альбомдық бағдарда басып
шығарылған түпнұсқаны жүктеп жатсаңыз, беттерді құжаттың сол жақ
бұрышы алдымен өтетіндей орналастырыңыз. Сканер əйнегінен
сканерленген кезде, бастапқы мəтін сканер əйнегінің оң жақ шетінде жоғарғы
жағымен
жүктелуі қажет.
Сондай-ақ, құжаттың жылжымауын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Сканер əйнегіне түпнұсқаны жүктеу немесе Түпнұсқаны құжаттарды
автоматты түрде жүктейтін құралға жүктеу бөлімін қараңыз.
Құжаттағы мəтіннің анық болуын тексеріңіз.
Құжатты өңделетін мəтінге сəтті түрлендіру үшін, бастапқы мəтін анық жəне
жоғары сапалы болуы қажет. Келесі жағдайлар бағдарламалық құралдың
құжатты сəтті түрлендірмеуіне əкелуі мүмкін:
◦Бастапқы құжаттағы мəтін анық емес немесе мыжылған.
◦Мəтін тым кішкентай.
◦Құжаттың құрылымы тым күрделі.
Бап 3
60 Сканерлеу