HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Windows
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз.
2. Басып шығару, Сканерлеу& Факс жіберу параметрі астындағы Факс
жіберу бөліміне өтіп, Сандық Факс орнатылуы параметрінде тінтуірдің
түймешігін екі рет басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе HP сандық факсін реттегеннен кейін принтердің ендірілген веб-
серверін (EWS) пайдаланып HP сандық факсінің параметрлерін өңдеуге
болады. EWS серверін автоматты түрде ашу үшін сандық факсты орнату
шеберінің соңғы экранында Launch embedded web server when finished
(Аяқтағанда ендірілген веб-серверді іске қосу) құсбелгісі қойылғанын
тексеріңіз. Finish (Дайын) түймесін басқанда, компьютердің əдепкі веб-
шолғышында EWS сервері көрсетіледі. Ендірілген веб-сервер туралы
қосымша ақпарат алу
үшін Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз
Mac OS X
1. HP Utility (HP утилитасы) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
HP қызметтік
бағдарламасы (Mac OS X) бөлімін қараңыз.
2. Digital Fax Archive (Сандық факс мұрағаты) тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Қажет ақпаратты енгізгеннен кейін желілік қалта сілтемесі дұрыс жұмыс
істейтінін тексеру үшін Save and Test (Сақтау жəне тексеру) түймесін
басыңыз.
Енгізілген веб-сервер (EWS)
1. Home (Басты) қойындысында Установка (Орнату) жолағында Fax to Email/
Network Folder (Факсты электрондық поштаға/желілік қалтаға жіберу)
пəрменін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Қажет ақпаратты енгізгеннен кейін желілік қалта сілтемесі дұрыс жұмыс
істейтінін тексеру үшін Save and Test (Сақтау жəне тексеру) түймесін
басыңыз.
HP сандық шешімдерін пайдалану
Принтерде қол жетімді HP сандық шешімдерін пайдалану үшін тиісті нұсқауларды
орындаңыз.
HP желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін пайдалану
1. Əйнектің немесе құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралдың оң жақ
алдыңғы бұрышына түпнұсқа бетін төмен қаратып жүктеңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін
Сканер əйнегіне түпнұсқаны жүктеу немесе Түпнұсқаны
құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралға жүктеу бөлімін қараңыз.
2. Scan (Сканерлеу) түртіңіз, содан кейін Network Folder (Желілік қалта)
түртіңіз.
3. Басқару тақтасының дисплейінде пайдалану керек қалтаға сəйкес атауды
таңдаңыз.
HP сандық шешімдерін пайдалану 69