HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
5 Көшіру
Жоғары сапалы түсті жəне сұр өңді көшірмелерді əртүрлі қағаз түрінде жəне
өлшемінде жасай аласыз.
Ескертпе Факс келгенде құжатты көшіріп жатқан болсаңыз, факс принтердің
жадында көшірме аяқталғанша сақталады. Осылай жадта сақталатын факс
беттерінің санын төмендете аласыз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
Құжаттарды көшіру
Көшірме параметрлерін өзгерту
Көшірме параметрлерін сақтау
Көшірмелерді реттеу
ID көшірме
HP Copy Fix
Құжаттарды көшіру
Принтер басқару тақтасынан сапалы көшірмелерді жасауға болады.
Құжаттарды көшіру
1. Негізгі сөреге қағаздың жүктелгенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Қағазды жүктеңіз бөлімін қараңыз.
2. Түпнұсқа бетін сканер əйнегіне төмен, құжаттарды автоматты түрде
жүктейтін құралға жоғары қаратып орналастырыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін
Сканер əйнегіне түпнұсқаны жүктеу немесе Түпнұсқаны құжаттарды
автоматты түрде жүктейтін құралға жүктеу бөлімін қараңыз.
Ескертпе Фотосуретті көшіріп жатқан болсаңыз, сканер əйнегінің
шетіндегі белгішеде көрсетілгендей фотосуреттің бетін сканер əйнегіне
төмен қаратып орналастырыңыз.
3. Копировать (Көшіру) түймешігін басыңыз.
4. Кез келген қосымша параметрлерді өзгертіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Көшірме параметрлерін өзгерту бөлімін қараңыз.
5. Көшіру жұмысын бастау үшін Запуск Ч/Б (Ақ-қара түсте іске қосу) немесе
Запуск Цвет (Түрлі түсте іске қосу) түймесін түртіңіз.
Ескертпе Түпнұсқа түсті болса, Запуск Ч/Б (Ақ-қара түсті іске қосу)
параметрін таңдау түсті түпнұсқаның қара жəне ақ көшірмесін жасайды,
ал Запуск Цвет (Түрлі түсті іске қосу) параметрін таңдау түсті
түпнұсқаның толық түсті көшірмесін жасайды.
Көшіру 71