HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Ескертпе Факстардың сəтті жіберілгені туралы басып шығарылған растау
қажет болса, факсты растауды факстарды жібермес бұрын қосыңыз.
Түйіспе Мониторда теруді қолдану немесе телефонда қолмен теру арқылы
да факсты жіберуге болады. Бұл мүмкіндіктер терудің жылдамдығын
басқаруға мүмкіндік береді. Қоңырауды өзгерту үшін телефон карточкасын
қолдануды қалаған кезде де олар пайдалы болады, себебі теріп жатқанда
дыбыстық сигнал ескертулеріне жауап беру қажет.
Принтердің басқару тақтасынан стандартты факс жіберу
1. Əйнектің немесе құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралдың оң жақ
алдыңғы бұрышына түпнұсқа бетін төмен қаратып жүктеңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін
Сканер əйнегіне түпнұсқаны жүктеу немесе Түпнұсқаны
құжаттарды автоматты түрде жүктейтін құралға жүктеу бөлімін қараңыз.
2. Факс түймешігін түртіңіз.
3. Басқару тақтасы дисплейін пайдалану арқылы факс нөмірін енгізу
Түйіспе Енгізілетін факс нөміріне үзіліс қосу үшін, * түймешігін
дисплейде сызықша (-) көрсетілгенше қайталай түртіңіз.
4. Начать с черного цвета (Қара түсте бастау) немесе Начать с цветного
(Түрлі түстен бастау) параметрін таңдаңыз.
Егер принтер автоматты құжат бергіште жүктелген түпнұсқаны анықтаса, ол
құжатты енгізілген нөмірге жібереді.
Түйіспе Жіберілген факстың сапасындағы ақаулықтар туралы алушы
хабарласа, факстың ажыратымдылығын немесе контрастын өзгертуге
əрекет жасаңыз.
Компьютерден стандартты факс жіберу
Көшірмесін басып шығармай жəне оны принтерден факс ретінде жіберу арқылы
құжатты компьютерге факс ретінде жіберуге болады.
Ескертпе Компьютерге осы əдіс арқылы жіберілген факстар Интернет
қосылымын немесе компьютер модемін қолданбай, принтердің факс
қосылымын қолданады. Сондықтан, принтердің жұмыс істейтін телефон
желісіне қосылғандығын, сондай-ақ, факс қызметінің орнатылғанын жəне
дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
Осы мүмкіндікті қолдану үшін принтермен бірге берілген ықшам дискідегі НР
бағдарламалық құралындағы орнату бағдарламасын қолданып принтердің
бағдарламалық құралын орнату қажет.
Windows
1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.
2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мəзірінде Печать (Басып шығару)
түймешігін басыңыз.
3. Название (Аты) тізімінен атауында «факс» делінген принтерді таңдаңыз.
Бап 6
76 Факс