HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Факсты қолмен алу
1. Принтердің қосылып тұрғанын жəне негізгі сөреге қағаздың жүктелгенін
тексеріңіз.
2. Құжаттарды жүктейтін науадан кез келген түпнұсқаны алып тастаңыз.
3. Принтер жауап бермей тұрғанда кіріс қоңырауына жауап беруге мүмкіндік
беретін жоғарғы санға Жауап берілетін қоңыраулар параметрін
орнатыңыз. Немесе принтер автоматты түрде кіріс қоңырауына жауап
бермес үшін Авто жауап беру параметрін өшіріңіз.
4.
Жіберушімен бірге ағымдағы уақытта телефон байланысында болсаңыз,
алушыға өз факс құрылғысындағы Пуск (Бастау) түймешігін басуын
ескертіңіз.
5. Жіберілетін факс құрылғысынан факс дыбыстық сигналын естіген кезде,
келесі əрекеттерді орындаңыз:
a. Факс түймешігін түртіп, Запуск Ч/Б (Ақ-қара түсте бастау) немесе
Запуск цвет (Түрлі түсте бастау) параметрін таңдаңыз.
b. Принтер факсты алуды бастағаннан
кейін телефон тұтқасын қоюға
немесе желіде қалуға болады. Факс жіберіліп жатқанда телефон желісі
тыныш болады.
Факстың сақтық көшірмесін жасауды орнату
Қалауыңыз бен қауіпсіздік талаптарыңызға байланысты принтерді барлық
алынған факстерді, ол қате күйде болғанда алатын факстарды ғана немесе
алатын факстардың ешқайсысыне сақтауға орнатуға болады.
Келесі сақтық көшіру факс режимдері қол жетімді:
Қосулы Əдепкі параметр. Создать резервную копию факса (Факстың
сақтық көшірмесін жасау) параметрі Қосулы болса, принтер барлық
алынған факстарды жадта сақтайды. Ең соңғы 30 факсты қайта
басып шығаруға болады.
Ескертпе Принтердің жады төмен болса, ол ескі, басып
шығарылған факстардың үстіне жаңа алынған факстарды жазады.
Егер жад басып шығарылмаған факстармен толы болса, принтер
кіріс факс қоңырауларына жауап
беруді тоқтатады.
Ескертпе Тым егжей-тегжейлі түсті фотосурет сияқты өте үлкен
факсты қабылдаған болсаңыз, жадтың шектеулеріне байланысты ол
жадта сақталмауы мүмкін.
Тек қате кезінде Принтердің факстарды басып шығаруын болдырмайтын қате
жағдайы бар болғанда ғана принтер жадта факстарды сақтайтын
болады (мыс., принтердің қағазды шығындауы). Жад қол жетімді
болған кезде принтер кіріс факстарын сақтауды жалғастыра береді.
(Егер жад толы болса, принтер кіріс факс қоңырауларына жауап
беруді тоқтатады.) Қате жағдайы шешілген кезде, жадта сақталған
факстар автоматты түрде басып шығарылады жəне олар жадтан
жойылады.
Өшірулі Жадта ешқашан сақталмайтын факстар. Мысалы, қауіпсіздік
мақсаттары үшін Создать резервную копию факса (Факстың
сақтық көшірмесін жасау) параметрін өшіргіңіз келуі мүмкін.
Принтердің басып шығаруын болдырмайтын қате жағдайы
туындайтын
болса (мыс., принтердің қағазды шығындауы), принтер
кіріс факс қоңырауларына жауап беруді тоқтатады.
Факс алу 83