HP Officejet Pro 276dw - User's Guide

Table Of Contents
Қалаусыз факс нөмірлерін блоктау
Телефон провайдері арқылы қоңырау шалушының идентификаторына жазылған
болсаңыз, принтер осы нөмірлерден алынған факстарды басып шығармайтын
етіп нақты факс нөмірлерін блоктауға болады. Кіріс факсы қабылданғанда,
принтер қоңырауды блоктау қажеттігін анықтау үшін нөмірді қалаусыз факс
нөмірлерінің тізімімен салыстырады. Нөмір блокталған факс нөмірлері тізіміндегі
нөмірге сəйкес келсе, факс басып шығарылмайды. (Блоктауға болатын факс
нөмірлерінің ең үлкен
саны үлгіге байланысты əртүрлі болады.)
Ескертпе Мүмкіндікке барлық елдерде/аймақтарда қолдау көрсетілмейді.
Егер еліңізде/аймағыңызда қол жетімді болмаса, Блокировщик факсов
(Факстерді блоктаушы) Опции факса (Факс опциялары) немесе Параметры
факса (Факс параметрлері) мəзіріне шықпайды.
Ескертпе Ешбір телефон нөмір қоңырау шалушының идентификатор тізіміне
қосылмаса, бұл қоңырау шалушының идентификатор қызметіне
жазылмадыңыз дегенді білдіреді.
Нөмірлерді қалаусыз факс тізіміне қосу
Нөмірлерді қалаусыз факс тізімінен жою
Қалаусыз факс есебін басып шығару
Нөмірлерді қалаусыз факс тізіміне қосу
Қалаусыз факс тізіміне қосу арқылы нақты нөмірлерді құрсаулауға болады.
Нөмірді қалаусыз факс тізіміне қосу
1. Установка (Орнату) түймесін басыңыз.
2. Установка факса (Факсты орнату) түймесін түртіңіз, одан кейін Базовая
настройка факса (Факсты негізгі баптау) тармағын түртіңіз.
3. Блокировщик факсов (Факстарды блоктау) түймешігін түртіңіз.
4. Қоңырау
шалушының идентификаторы қалаусыз факстарды блоктауы қажет
деген күйді көрсететін хабарлама. Жалғастыру үшін ОК түймесін түртіңіз.
5. Добавление номеров (Нөмір қосу) тармағын түртіңіз.
6. Қоңырау шалушының идентификаторы тізімінен блокталатын факс нөмірін
таңдау үшін Выбрать из истории идентификатора вызывающего
абонента (Қоңырау шалушының идентификаторы журналынан таңдау)
параметрін түртіңіз.
-немесе-
Блокталатын факс нөмірін қолмен енгізу үшін
Ввести новый номер (Жаңа
нөмірді енгізу) параметрін түртіңіз.
7. Блокталатын факс нөмірін енгізгеннен кейін Готово түймешігін түртіңіз.
Ескертпе Алынған факстың факс тақырыбында көрсетілетін факс
нөмірін емес, басқару тақтасы дисплейінде көрсетілетін факс нөмірін
енгізгеніңізді тексеріңіз, себебі бұл нөмірлер əртүрлі болады.
Факс алу 87