HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
Тапсырмаларды басып шығару (Mac)
Mac амалдық жүйесінде басып шығарудың алдын ала белгіленген
параметрлерін жасап, пайдалану
Қайта пайдалану мақсатымен принтер драйверлерінің ағымдағы параметрлерін сақтау үшін,
басып шығарудың алдын ала орнатылған мəндерді пайдаланыңыз.
Басып шығарудың алдын ала орнатылған мəндерін жасау
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер тізімінен өнімді таңдаңыз.
3. Қайта пайдалану қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
4. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен ...түрінде сақтау
опциясын таңдап,
алдын ала орнату атауын теріңіз.
5. OKтүймесін басыңыз.
Басып шығарудың алдын ала орнатылған мəндерін пайдалану
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер тізімінен өнімді таңдаңыз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен басып шығарудың алдын ала
белгіленген параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Принтер драйверінің стандартты параметрлерін пайдалану үшін стандартты
немесе Əдепкі параметрлер опциясын таңдаңыз.
Mac амалдық жүйесінде мұқаба бет басып шығару
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер тізімінен өнімді таңдаңыз.
3. Мұқаба мəзірін ашып, мұқаба бет басып шығарылатын жерді таңдаңыз. Құжаттан бұрын
немесе Құжаттан кейін түймешігін басыңыз.
4. Мұқаба түрі мəзірінен мұқаба бетте басып шығару қажет хабарды таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Мұқаба түрі мəзірінен стандартты
опциясын таңдаңыз.
92
Бап 8 Басып шығару KKWW










