HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Қосымша басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару тапсырмасын тоқтату
Windows жүйесінің баспа тапсырмасынан бас тарту
1. Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару тақтасындағы
Cancel
Бас тарту») түймешігін басу арқылы тоқтатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Cancel Бас тарту») түймешігі басылғанда өнімдегі орындалып жатқан
баспа тапсырмасы тоқтайды. бірнеше үрдіс қосылған жағдайда, Cancel
Бас тарту»)
түймешігін басу өнімнің басқару тақтасындағы үрдісті жояды.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, HP Officejet Pro X451 сериясы үлгілерінде баспа тапсырмаларын
Job Status (Тапсырма күйі) мəзірінен тоқтатуға болады.
2. Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару
тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.
Software program: (Бағдарлама:) Əдетте компьютер экранында қысқа уақыт
ішінде диалог терезесі көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
Windows жүйесіндегі баспа кезегі: Егер баспа тапсырмасы кезекте (компьютер
жадында) тұрған болса немесе баспа спулерінде
болса, тапсырманы сонда жойыңыз.
Windows XP, Server 2003 немесе Server 2008: Бастау түймесін басып,
Параметрлер опциясын таңдаңыз, содан кейін Принтерлер мен факстар
түймесін басыңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз,
тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ батырмасымен
басыңыз, содан кейін Cancel (Тоқтату) опциясын таңдаңыз.
Windows
Vista: Start (Бастау), Control Panel (Басқару панелі) опцияларын
таңдаңыз, содан кейін Hardware and Sound (Аппараттық құралдар жəне
дыбыс) опциясының астындағы Printer (Принтер) батырмасын басыңыз.
Терезені ашу үшін өнім белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатқыңыз келетін баспа
тапсырмасын тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз, содан кейін Cancel
(Тоқтату) опциясын
таңдаңыз.
Windows 7: Start Бастау») түймесін басып, Devices and Printers
Құрылғылар мен драйверлер») тармағын таңдаңыз. Терезені ашу үшін өнім
белгішесін екі рет басыңыз, тоқтатылатын баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ
түймесымен басыңыз, содан кейін Cancel Тоқтату») опциясын таңдаңыз.
Windows жүйесінде түрлі түсті мəтінді қара етіп басып шығару
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Жетілдірілген жиекбелгісін басыңыз.
KKWW
Қосымша басып шығару тапсырмалары (Windows)
95