HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint қызметін құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың тіркемесі ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу
арқылы басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: HP ePrint қызметін пайдалану үшін, өнім сымды не сымсыз желіге қосылған жəне
Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
1. HP ePrint қызметін пайдалану мүмкін болуы үшін, HP веб қызметтерін іске қосу керек.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Веб-қызметтер
түймешігін басыңыз
(X451 Series) немесе түртіңіз (X551 Series).
ə. Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Өнімнің электрондық пошта мекенжайын басқару тақтасында көрсету үшін, HP Web
Services (HP веб-қызметтері) мəзіріндегі Display E-Mail Address (Электрондық пошта
мекенжайын көрсету) түймешігін басыңыз.
3. Қауіпсіздік параметрлерін анықтау жəне
осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint
тапсырмаларының əдепкі басып шығару параметрлерін реттеу үшін, HP ePrint Center веб-
торабын пайдаланыңыз.
а.
www.hpeprintcenter.com торабына өтіңіз.
ə. Жүйеге кіру түймешігін басып, HP ePrintCenter есептік жазба мəліметтерін енгізіңіз
немесе жаңа есептік жазба жасаңыз.
б. Тізімнен өніміңізді таңдаңыз немесе + Принтерді қосу түймешігін басып оны
қосыңыз. Өнімді қосу үшін, оның коды қажет болады. Кодөнімнің электрондық
пошта мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігін құрайды.
ЕСКЕРІМ: Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың ішінде
жарамды болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб қызметтерін
қайтадан қосу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
в. Принтерден керексіз құжаттар басылып шықпауы үшін, ePrint параметрлері
түймешігін басып, Рұқсат етілген жіберушілер қойындысын ашыңыз. Allowed
Senders Only (Тек рұқсат етілген жіберушілер) түймешігін басып, ePrint
тапсырмаларын жіберуге болатын электронды пошта мекенжайларын қосыңыз.
г. Осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмалары үшін əдепкі параметрлерді
орнату үшін, ePrint параметрлері түймешігін
басып, Басып шығару опциялары
қосымша бетін ашып, пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
4. Құжатты басып шығару үшін, оны өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберілетін
электрондық хабарға тіркеңіз.
ЕСКЕРІМ: Электрондық пошта қабылданған кезде басып шығарылады. Кез келген
электрондық пошта сияқты оның қашан немесе қабылданатындығы бойынша кепілдеме жоқ.
www.eprintcenter.com мекенжайында баспа күйін тексеруге болады.
104
Бап 8 Басып шығару KKWW