HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Түстерді компьютер экранымен сəйкестендіріңіз
Пайдаланушылардың көбі үшін түстерді сəйкестендірудің ең жақсы əдісі болып sRGB түстерін
басып шығару табылады.
Принтер шығаратын түстерді компьютеріңіздің экранындағыға сəйкестендіру процессі кешенді
болып табылады, себебі принтерлер мен компьютеріңіздің мониторы түс өндірудің түрлі
əдістерін қолданады. Мониторлар түстерді RGB (қызыл-жасыл-көк) түс процессін пайдаланатын
жарық нүктелерін қолдану нəтижесінде көрсетіп, принтерлер болса,
түстерді CMYK (көгілдір,
қызыл, сары жəне қара) процессін пайдалана отырып басып шығарады.
Басылып шығарылатын түстерді мониторыңыздағы түстерге сəйкестендіруге əсер етуі мүмкін
көптеген жайттар бар:
Баспа құралы
Баспа бояғыштары (мысалы, сия немесе тонер)
Баспа процессі (мысалы, сиямен, басу немесе лазерлік технология)
Жоғары жарық
Түстерді ажырата алудың
жеке бас ерекшеліктері
Бағдарламалық құрал
Принтер драйверлері
Коомпьютердің операциялық жүйелері
Мониторлар
Бейне картасы жəне драйверлері
Жұмыс ортасы (мысалы, ылғалдылық)
Мониторыңыздағы түстер басылып шығарылған түстерге толықтай сəйкес келмеген жағдайда
осы жайттарды есте сақтаңыз.
120
Бап 9 Түс KKWW