HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Енгізілген НР веб-серверін пайдалану
Бұл өнім өзі жəне желідегі қызметтер жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ететін енгізілген веб-
сервермен жабдықталған. Веб-сервер веб-бағдарламалар көп жағдайда бағдарламаларға
компьютерге іске қосылу ортасын қамтамасыз ететін Windows сияқты операциялық жүйемен
бір əдісті қолдана отырып, іске қосыла алатын ортаны қамтамасыз етеді. Осы
бағдарламалардан алынатын нəтиже веб-шолғыш арқылы көрсетілуі мүмкін.
«
Енгізілген» веб-сервер ақпараттық құралда (HP принтері сияқты) немесе желі серверіне
жүктелген бағдарламалық құралға қарағанда микробағдарламада сақталады.
EWS артықшылығы болып желіге қосылған құрылғысы мен компьютері бар əркім пайдалана
алатын өнім интерфейсі болып табылады. Ол орнатуды немесе реттеуді қажет ететін арнайы
бағдарламалық құрал болып табылмайды, дегенмен, компьютерде қолдауы бар веб-браузер
болуы
тиіс. EWS мүмкіндігіне қол жеткізу үшін браузердің мекенжай жолағына өнімнің IP
мекенжайын теріңіз.
ЕСКЕРІМ: Macintosh амалдық жүйесі үшін осы құралмен бірге жеткізілетін Macintosh
бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін USB қосылымының көмегімен HP EWS серверін
пайдалана аласыз.
Сookie файлдары туралы
НР EWS шолу жасаған кезде қатты дискіде кішкентай мəтін файлдарын (cookies) орнатады. Бұл
файлдар HP EWS серверіне келесі жолы сіз кіргенде сізді тану мүмкіндігін береді. Мысалы,
HP EWS тілін теңшеген болсаңыз, cookie файлы келесі жолы HP EWS серверіне қол жеткізген
кезде беттерді сол тілде көрсету үшін таңдалған тілді сақтауға көмектеседі. Осылай кейбір
cookie
файлдары əрбір сеанстың соңында жойылады (мысалы таңдалған тілді сақтайтын
cookie), басқалары (теңшелетін арнайы басымдықтарды сақтайтын cookie) оларды қолмен
жоймайынша компьютерде сақталады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютерде HP EWS сақтайтын cookie файлдары компьютерде
параметрлерді сақтау жəне принтер мен компьютер арасындағы ақпаратты ортақ қолдану үшін
қолданылады. Бұл cookie файлдары кез келген HP веб-тораптарына жіберілмейді.
Барлық cookie файлдарын теңшеуге болады немесе немесе cookie файлы ұсынылған əрбір
уақытта ескертуді теңшеуге болады, ол cookie файлдарын қабылдау немесе қайта қолдану
туралы шешу мүмкіндігін береді. Қалаусыз cookie файлдарын жою үшін шолғышты қолдануға
да болады.
Принтерге байланысты cookie файлдары ажыратылған болса, бір не бірнеше мүмкіндіктерді де
ажыратыңыз:
Бағдарламаны қай жерде қалдыруды
бастау (əсіресе орнату шеберлерін қолданған кезде
пайдалы).
HP EWS шолғышының тіл параметрін есте сақтаңыз.
HP EWS бастапқы бетін жекелеңіз.
Құпиялылықты жəне cookie параметрлерін өзгерту жолы жəне cookie файлдарын жою туралы
ақпаратты веб-шолғышта қол жетімді құжаттан қараңыз.
126
Бап 10 Басқару жəне күту KKWW