HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Қауіпсіздік мəлімделері
Бұл құрал қауіпсіздік стандарттарына жəне құралды қауіпсіздендіруге көмектесетін
протоколдарға, желідегі қауіпсіздік ақпаратына қолдау көрсетеді, сондай-ақ, құралды
басқаруды жəне оның жұмысын қарапайым етеді.
HP's қауіпсіздік кескін өңдеу жəне басып шығару шешімдері жөнінде толық ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/Secureprinting торабына барыңыз. Торап ресми құжаттарға жəне қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы жиі қойылатын сұрақтарға сілтеме береді жəне осы құжатта қамтылмаған
қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамти алады.
HP енгізілген веб-серверінде əкімшілік құпия сөзді тағайындау
HP енгізілген веб-сервері өкілетті пайдаланушылар НР енгізілген веб-серверіндегі құралдың
теңшелім параметрлерін өзгерте алмайтындай əкімші құпия сөзін тағайындауға мүмкіндік
береді. Əкімші құпия сөзі тағайындалғанда жəне қолданылғанда, HP енгізілген веб-сервері
арқылы орындалған кез келген теңшелім өзгерістерін жасау үшін құпия сөзді енгізу қажет. Бар
құпия сөзді өзгерткен кезде, алдымен оның құпия сөзін
енгізу қажет. Бар құпия сөзді енгізу
арқылы құпия сөзді алып тастауға да жəне одан кейін тағайындалған құпия сөзді жоюға да
болады.
Control Panel Lock (Басқару тақтасын құлыптау)
HP енгізілген веб-сервері рұқсатсыз қолданудың алдын алу үшін құралдың басқару
тақтасындағы арнайы мүмкіндіктерді құлыптау мүмкіндігін береді. Басқару тақтасын құлыптау
бір рет қосылған кезде, арнайы басқару тақтасын теңшеу мүмкіндіктерін басқару тақтасынан
өзгертуге болмайды. Басқару тақтасын құлыптау параметрін өздігінен қауіпсіздендіруге де
болмайды. Бұл HP енгізілген веб-серверінің əкімшілік құпия сөзін орнату арқылы орындалады
.
HP енгізілген веб-серверінің əкімші құпия сөзі бір рет орнатылғанда, əкімші құпия сөзін басқару
тақтасының құлпын қосу/ажырату параметріне қол жеткізген кезде енгізу қажет.
Қолданылмайтын протоколдарды жəне қызметтерді ажырату
HP енгізілген веб-сервері қолданылмайтын протоколдарды жəне қызметтерді ажырату
мүмкіндігін береді. Бұл протоколдар мен қызметтерді EWS əкімші құпия сөзін орнату арқылы
өзгертуден қорғауға да болады. Бұл протоколдар мен қызметтер келесілерді қамтиды:
IPv4 жəне IPv6 қосу/ажырату: TCP/IP желісінде дұрыс жұмыс істеу үшін құралда желі
үшін жарамды болатын IP мекенжай сияқты дұрыс
TCP/IP желі теңшелімі параметрлерін
теңшеу қажет. Бұл құрал осы протоколдың екі нұсқасына қолдау көрсетеді: 4-нұсқа (IPv4)
жəне 6-нұсқа (IPv6). IPv4 жəне IPv6 нұсқасын жеке қосуға/ажыратуға немесе бір уақытта
қосуға болады.
Bonjour қосу/ажырату: Bonjour қызметтері əдетте IP мекенжайына арналған кішкентай
желілерде жəне келісілген DNS сервері қолданылмаған орында атауды
ажырату үшін
қолданылады. Bonjour қызметін қосуға немесе ажыратуға болады.
KKWW
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
131