HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
●
SNMP қосу/ажырату: SNMP (қарапайым желіні басқару протоколы) құралды басқару үшін
желіні басқару бағдарламалары арқылы қолданылады. Бұл өнім IP желілеріндегі SNMPv1
байланысына қолдау көрсетеді. Бұл құрал SNMPv1 мүмкіндігін қосу/ажырату мүмкіндігін
береді.
●
WINS қосу/ажырату: Желіде динамикалық хост теңшелімі протоколы (DHCP) болса,
құрал автоматты түрде серверден IP мекенжайын
алады жəне Windows Интернет аты
қызметі (WINS) серверінің IP мекенжайы көрсетілгенде оның атын RFC 1001 жəне 1002
үйлесімді динамикалық атау қызметтерімен тіркейді. WINS серверінің IP мекенжайы
теңшелімін қосуға не ажыратуға болады. Қосылған болса, одан бастапқы жəне қосымша
WINS серверін көрсетуге болады.
●
SLP қосу/ажырату: Қызмет орнының протоколы (SLP) кəсіпорын желісінде
желілік
қызметтердің бар болуын, орнын жəне теңшелімін ашу үшін желі бағдарламаларына
рұқсат беру мақсатында инфрақұрылымды беретін Интернеттің стандартты желі
протоколы болып табылады. Бұл протоколды қосуға не ажыратуға болады.
●
LPD қосу/ажырату: Line Printer Daemon (LPD) əр түрлі TCP/IP жүйелерінде орнатылуы
мүмкін жол принтерінің ақпаратын қотару қызметтерімен байланысқан протоколдарға жəне
бағдарламаларға сілтеме
жасайды. LPD протоколын қосуға не ажыратуға болады.
●
LLMNR қосу/ажырату: Link-Local Multicast Name Resolution (LLMNR) — IPv4 жəне IPv6 хост
атауларына бірдей жергілікті сілтемеде байланысу үшін атау ажыратымдылығын
орындауға мүмкіндік беретін домен аты жүйесінің (DNS) бума пішіміне негізделген
протокол. LLMNR протоколын қосуға не ажыратуға болады.
●
9100 портын ажырату/қосу: Бұл
құрал TCP Port 9100 порты арқылы жаңа IP
мекенжайын басып шығаруға мүмкіндік береді. Құралдағы бұл HP сипатының TCP/IP порты
басып шығару үшін əдепкі порт жəне оған НР бағдарламалық құралы арқылы қол жеткізуге
болады 9100 портын қосуға не ажыратуға болады.
●
Веб-қызметтерді ажырату/қосу: Құрал Microsoft веб-қызметтерін динамикалық ашу (WS
Discovery)
протоколдарына немесе құралда қолдау көрсететін құралдарға арналған
Microsoft веб-қызметтерін (WSD) басып шығару қызметтерін қоу не ажырату мүмкіндігіне
қолдау көрсетеді. Бұл веб-қызметтерді бірге қосуға не ажыратуға болады немесе WS
ашуын бөлек қосуға болады.
●
Интернетті басып шығару протоколын (IPP) ажырату/қосу: Интернетті басып шығару
протоколы (IPP) — Интернетте тапсырмаларды басып шығаруға жəне
басқаруға мүмкіндік
беретін Интернеттегі стандарты протокол. IPP протоколын ажыратуға не қосуға болады.
Əкімші параметрлері
HP енгізілген веб-сервері арнайы құрал мүмкіндіктерін қосуға жəне ажыратуға мүмкіндік береді.
Бұл желі, Ethernet, сымсыз, сымды қатынас нүктесін(бұл сымсыз тікелей мүмкіндікті
ажыратады), USB, факс, факты қайта басып шығару, көшіру, сандық жіберу, Интернетте
сканерлеу, басқару тақтасын құлыптау, түсті факс, түсті көшіру, жад құрылғысынан түсті басып
шығару
, барлық веб-қызметтер, тек қана ePrint жəне тек қондырмалар мүмкіндіктерін қамтиды.
Параметрлерді қолданысқа қосу үшін құралды өшіру жəне қайтадан қосу қажет.
132
Бап 10 Басқару жəне күту KKWW










