HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Түсті қатынасты басқару
HP компаниясының түсті қатынасты басқару жинағының құралдары жеке пайдаланушылар не
топтар жəне қондырмалар арқылы түсті қосуға не ажыратуға мүмкіндік береді. Толық ақпарат
алу үшін
www.hp.com/go/upd бетіне өтіңіз. HP енгізілген веб-сервері түсті факс жіберуді, түсті
көшіруді жəне жад құрылғыларынан түсті басып шығаруды ажырату мүмкіндігін береді.
Қорғалған протоколдарHTTPS
HP енгізілген веб-сервері HTTPS қайта бағыттау арқылы құрал байланысының шифрын қосу
мүмкіндігін береді. Қолданылғанда, HTTPS қауіпсіз байланыс əдісін беру, шифрлау арқылы
басқалардың EWS жəне құрал арасындағы ақпаратты қарауының алдын алады.
Желіаралық қалқан
НР енгізілген веб-сервері құралдың желі қалқандары ережелерін, сипаттарын, үлгілерін,
қызметтерін жəне саясаттарын қосуға жəне теңшеуге мүмкіндік береді. Желі қалқаны IPv4 жəне
IPv6 желілерінде бірдей қауіпсіздіктің желі орнын береді. Желі қалқаны теңшелімінің мүмкіндігі
құралға кіруге мүмкіндік беретін IP мекенжайлары бойынша бақылауды жəне құралға қатынасты
қосымша қауіпсіз жолмен басқаруды беретін рұқсаттарды
жəне сандық жіберуге арналған
сипаттарды, басқару, ашу жəне басып шығару қызметтерін орнату мүмкіндігін береді.
Сканерлеу жəне факсты жіберу қалтасының түпнұсқалығын растау
Сканерлеу жəне факсты жіберу қалтасы Windows файлды ортақ пайдалану механизмі арқылы
желі қалтасына жіберуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы аты мен құпия сөз желі қалтасы
орналасқан орынға желіге кіру үшін қажет. Қосымша, желі қалтасына жазу рұқсатын иелену
үшін сəйкес басымдықтардың талап етілуі мүмкін.
Syslog
Syslog журналына қолдауды, тағайындалған серверге күй хабарларын тіркеу үшін стандартты
протоколын желідегі құрылғылардың əрекеттері мен күйін қадағалау үшін қолдануға болады.
HP енгізілген веб-сервері Syslog журналын қосу жəне күй хабарлары жіберілетін серверді
көрсету мүмкіндігін береді. Сол күй хабарларының басымдығын көрсетуге де қолдау
көрсетіледі.
Куəліктер
HP енгізілген веб-сервері құралдың түпнұсқалығын растау, сервер мен желі үшін куəліктерді
орнату жəне басқару мүмкіндігін береді. Бұл куəлікті жасау, куəлікті орнату жəне куəліктерді
импорттау жəне экспорттау мүмкіндігін қамтиды.
Қол қойылған микробағдарлама
Сандық қол қойылған микробағдарламаға қолдау құралда бекітілмеген микробағдарламаны
орнатудың алдын алу арқылы зиянды бағдарламалық құралға шығаруды болдырмауды
жаңартады.
KKWW
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
133