HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
Мəселелерді шешу тізімі
Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
●
1-қадам: Құрылғының қосылғанын тексеру
●
2-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
●
3-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
●
4-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
●
5-қадам: Plug and Print арқылы USB флэш картасынан басып шығару жұмысын тексеру
(X551 Series)
●
Өнімнің тиімділігіне əсер ететін жағдайлар
1-қадам: Құрылғының қосылғанын тексеру
1. Құрылғының жалғанып, қосылғанын тексеріңіз.
2. Құрылғыдағы электр қуаты сымының розеткаға қосылғанын тексеріңіз.
3. Электр қуаты сымын басқа розеткаға жалғап, қуат көзін тексеріңіз.
4. Құрылғы механизмі жұмыс істемесе, тонер картридждерінің орнатылып, барлық есіктердің
жабылғанын тексеріңіз. Осы мəселелерді белгілейтін хабарлар басқару тақтасында
көрсетіледі.
2-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
Басқару тақтасы дайын күйін белгілеуі тиіс. Қате хабары пайда болса, қатені жойыңыз.
3-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
1.
Басқару тақтасындағы Негізгі экранда Setup (Орнату)
түймешігін басыңыз (X451 Series)
немесе түртіңіз (X551 Series).
2. Print Reports (Баспа есептері) мəзірін ашып, есепті басып шығару үшін Printer Status Report
(Принтер күйі туралы есеп) элементін таңдаңыз.
3. Есеп басылмаса, науада қағаздың болғанын тексеріп, құрылғының ішінде қағаз кептемесі
орын алмағанын тексеру үшін басқару тақтасын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Науадағы қағаз құрылғының техникалық сипаттарына сəйкес келетінін
тексеріңіз.
KKWW
Мəселелерді шешу тізімі
141










