HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Қағаз қате беріледі немесе кептеледі
Өнім қағазды тартып алмайды
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Қағаз кептелістерінің алдын алу
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды науаның төменгі жағындағы қағаз өлшемі белгілеріне туралаңыз.
4. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз жəне оны бүгіп
, 180 градусқа бұрып, аударыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
5. Құралдың сол жағындағы 1-науа, əмбебап науа арқылы қағазды қолмен салу үшін
құралдың ескертуді күтетінін көру үшін құралдың басқару тақтасын тексеріңіз. Қағаз салып,
жалғастырыңыз.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз жəне оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген
қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса,
басқа бумадағы қағазды пайдаланыңыз. Науадағы барлық қағаздың бірдей түрде жəне
өлшемде екенін тексеріңіз.
4. Науаның шамадан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар
жинағын шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға шамалы қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды
науаның төменгі жағындағы қағаз өлшемі белгілеріне туралаңыз.
144
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW