HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Баспа сапасына байланысты мəселелердің көбін келесі нұсқауларды орындап, алдын
алуыңызға болады.
●
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
●
Түсті реттеу
●
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
●
Сия картридждерін тексеру
●
Сияның жағылуын тазарту
●
Баспа механизмін тазалау
●
Басып шығару қажеттіліктеріне жақсы сəйкес келетін принтер драйверін пайдалану
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін
қолданыңыз.
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
●
Сия басып шығарылған беттерде жайылған.
●
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
● Басып шығарылған беттер мыжылған.
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Windows жүйесі үшін қағаз түрі мен өлшемін өзгерту
1. Қол жетімді Print (Басып шығару) мүмкіндігі бар бағдарламалық құралдан File (Файл)
мəзірін таңдап, Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Қағаз түрі ашылмалы тізімнен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Түрі: опцияларының тізімін шығарып алыңыз.
6
. Қолданыстағы қағаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің əрбір санатын шығарып алыңыз.
7. Қолданыстағы қағаздың түрінің параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Mac жүйесі үшін қағаз түрі мен өлшемін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен бір өлшемді таңдаңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
157










