HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
●
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Əрқашан құрал қолдау көрсететін қағаз түрін жəне салмағын қолданыңыз. Қосымша, қағазды
таңдаған кезде осы нұсқауларды орындаңыз.
●
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін жəне кесілмегенін,
кертік салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз
еместігін,
қапсырмалардың жоқтығын жəне шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп
қалмағанын тексеріңіз.
●
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
●
Сиялы принтерлерге арналған қағазды пайдаланыңыз.
●
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып
шығару нəтижелерін береді.
ЕСКЕРІМ: Тегіс қағаздардың ауқымын қолданып HP iшкі сынаққа негізделіп, НР осы құрал
үшін ColorLok® логотипі бар қағаздарды қолдануды ұсынады. Толық деректерді алу үшін
http://www.hp.com/go/printpermanence торабына өтіңіз.
Сия картридждерін тексеру
Төмендегі ақаулықтардың бірі туындаса, күй есебін басып шығару арқылы сия картриджін
тексеріп, қажет болса ауыстырыңыз:
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
●
Басып шығарған беттерде жолақтар бар.
ЕСКЕРІМ: Төмен сапалы баспа параметрін қолданғанда басылып шығатын қағаздар ашық
болып көрінуі мүмкін.
Сия картриджін ауыстыру қажет екенін анықтасаңыз, шынайы HP сия картриджінің бөлік нөмірін
табу үшін жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз немесе картриджге қараңыз.
Қайта толтырылған немесе өңделген баспа картридждері
Hewlett-Packard компаниясы НР шығармаған жаңа немесе қайта жасалған жабдықтарын
пайдалануды ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері болмағандықтан, HP компаниясы
олардың əзірленуіне ықпал ете алмайды жəне сапасын бақылай алмайды. Қайта толтырылған
немесе қалпына келтірілген сия картриджін қолданып жатсаңыз жəне баспа сапасына
қанағаттанбасаңыз, картриджді шынайы НР картриджімен ауыстырыңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
161










