HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Бөлім Сия картриджі
3
Ашық қызыл
4
Сары
Бір не бірнеше топтарда нүктелер не жолақтар болатын болса, баспа механизмін
тазартыңыз. Бұл ақаулықты шешпесе, HP компаниясымен байланысыңыз.
Көптеген түсті жолдарда жолақтар болса, баспа механизмін тазартуды орындау арқылы
əлі де ақаулықтың сақталатынын қараңыз жəне одан кейін НР компаниясымен
байланысыңыз. Сия картриджінен басқа құрамдас ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Сия картриджінің зақымданбағанын тексеру
1. Құралдан сия картриджін алып тастаңыз жəне картридж жолында ешбір қалдықтың
жоқтығын тексеріңіз.
2. Сия картриджінің метал қосқышын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Картридждің ұшындағы метал қосқышқа тимеңіз. Метал қосқышта қалған
саусақ іздері баспа сапасына кері əсер етуі мүмкін.
3. Метал қосқышта кез келген сызықтар немесе басқа зақымдар байқалса, сия картриджін
ауыстырыңыз.
4. Метал қосқыш зақымдалған сияқты көрінбесе, ол орнына сырт етіп түспейінше картриджді
кері орнына жайлап итеріңіз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді
басып шығарыңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
163