HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Компьютер өнім үшін дұрыс емес IP мекенжайын қолдануда
1. Компьютерде принтердің сипаттарын ашып, Ports (Порттар) қойындысын нұқыңыз. Өнім
үшін қазіргі IP мекенжайының таңдалғанын тексеріңіз. Құралдың IP мекенжайы құралдың
конфигурация бетінде немесе басқару тақтасы арқылы тізімделеді.
2. Құралды HP компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мекенжайы өзгерсе де əрқашан осы принтерге басып шығару атты жолды таңдаңыз.
3. Өнімді Microsoft компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мекенжайының орнына хост атын қолданыңыз.
4. IP мекенжай дұрыс болса, орнатылған принтерлер тізімінен құрал жазбасын жойып, оны
қайтадан қосыңыз.
Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
1. Құрылғыны тексеру арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пəрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Start (Бастау)
түймешігін басып, Run (Іске қосу) пəрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ə. Өнім үшін IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі
мен құрал жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу пəрмені орындалмаса, желілік хабтардың қосулы екенін тексеріңіз,
содан кейін желі параметрлерінің, өнімнің жəне компьютердің бірдей желіде
конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім желі үшін дұрыс емес сілтеме жəне дуплекс параметрлерін пайдалануда
Hewlett-Packard бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты
параметр). Егер осы параметрлерді өзгертсеңіз, оларды желі үшін де өзгерту қажет.
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Жаңа бағдарламалық құралдардың дұрыс орнатылғанын жəне олардың дұрыс принтер
драйверін қолданатындығын тексеріңіз.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
1. Желілік драйверлерді, принтер драйверлерін жəне желі бағытын тексеріңіз.
2. Операциялық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
1. Желі протокол күйін тексеру үшін конфигурациялау бетін қайтадан қарап шығыңыз. Қажет
болған жағдайда оны қосыңыз.
2. Қажет болса желі параметрлерін қайтадан теңшеңіз.
172
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW