HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

iv. Құралды таңдаңыз.
v. Белгілі (алдыңғы) IP мекенжайы бойынша құрал үшін есеп беретін қызметтік
бағдарламаны ашу үшін Update IP Address (IP мекенжайын жаңарту) түймешігін
басыңыз, қажет болса, IP мекенжайды өзгертуге мүмкіндік береді.
5. Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
Өнім басып шығармайды жəне компьютерде үшінші тараптың
желіаралық қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз
байланыс жұмыс істемейді
Маршрутизатор немесе өнім компьютер қосылған бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
1.
Басқару тақтасында Setup (Орнату)
түймешігін басып, одан кейін Print Reports (Баспа
есептері) мəзірін таңдаңыз.
2. Есепті басып шығару үшін Network Configuration Page (Желіні конфигурациялау беті)
параметрін таңдаңыз.
3. Компьютеріңіз үшін конфигурация есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы SSID идентификаторымен салыстырыңыз.
4. SSID идентификаторлары бірдей болмаса, онда құрылғылар бірдей желіге қосылмаған.
Өнімнің сымсыз
орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
1. Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда екенін жəне ешбір кедергі сигналды
бұғаттамайтынын тексеріңіз. Көп желілер үшін сымсыз қатынас нүктесінің 30 м асатын
сымсыз ауқымы болады.
2. Өнімнің қосулы жəне оның жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
3. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
KKWW
Сымсыз желі ақаулықтарын түзету
175