HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

4. Сымсыз желінің дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
а.
Құралдың басқару тақтасында Setup (Орнату)
түймешігін басып, одан кейін Network
(Желі) мəзірін таңдаңыз.
ə. Сымсыз желіні сынақтан өткізу үшін Print Wireless Test Report (Сымсыз желі туралы
сынақ есепті басып шығару) элементін таңдаңыз. Құрал нəтижелері бар есепті басып
шығарады.
5. Дұрыс порт немесе өнім таңдалғанын тексеріңіз.
а. Толық мүмкіндікті орнатқыш көмегінсіз орнатылған принтерлер үшін:
1
. Компьютердегі принтерлердің тізімінен, осы құралдың атын тінтуірдің оң жақ
түймешігімен нұқып, Properties (Сипаттар) түймешігін басыңыз жəне Ports
(Порттар) қойындысын ашыңыз.
2. Virtual printer port for USB (USB үшін виртуалды принтер порты) параметрі
жанына құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.
ə. Құралды ықшам дискі орнатқышы көмегімен немесе HP веб-торабынан толық
мүмкіндікті орнатқышын
қотарып орнатқан болсаңыз, келесі қадамдарды қолданып
құралдың IP мекенжайын өзгертіңіз:
i. Start (Бастау) түймешігін басыңыз.
ii. All Programs (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
iii. HP түймесін басыңыз.
iv. Құралды таңдаңыз.
v. Белгілі (алдыңғы) IP мекенжайы бойынша құрал үшін есеп беретін қызметтік
бағдарламаны ашу үшін Update IP Address (IP
мекенжайын жаңарту) түймешігін
басыңыз, қажет болса, IP мекенжайды өзгертуге мүмкіндік береді.
6. Компьютердің дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Егер қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
Негізі, VPN желісіне жəне басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын жəне қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
176
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW