HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Windows жүйесіндегі өнім бағдарламалық
құралының мəселелерін шешу
Мəселе Шешу
Өнімнің принтер драйвері
Printer (Принтер) папкасында
көрінбейді
Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар қолданбаны
жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу) немесе Disable (Өшіру)
тармағын таңдаңыз.
USB кабелін компьютердің басқа USB портына жалғап көріңіз.
Бағдарламалық құралын
орнату
барысында экранға
қателік жөнінде хабар
шығарылды
Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар кез келген
қосымшаларды өшіру үшін белгішеге оң жақ батырманы əкеп басып, Close (Жабу) немесе
Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі бос орын мөлшерін тексеріңіз. Қажет болса,
мүмкіндігінше көп орын босатып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Қажет болса, Диск дефрагментациясын іске қосып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Өнім «Дайын» режимінде,
бірақ ештеңе басып
шығарылмайды
Конфигурациялау бетін басып шығарып, өнімнің жұмыс істеуін тексеріңіз.
Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып, ерекшеліктерге сəйкес екендігін тексеріңіз. Оның ішіне
USB жəне қуат кабельдері
кіреді. Жаңа кабель жалғап көріңіз.
Конфигурация бетіндегі IP мекенжайы бағдарламалық құрал портындағы IP мекенжайына сəйкес
келетінін тексеріңіз. Төмендегі əрекеттердің біреуін орындаңыз:
Windows XP, Windows Server
2003, Windows Server 2008
жəне Windows Vista
1. Start (Бастау) түймешігін басыңыз.
2. Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Printers and Faxes (Принтерлер мен
факстар) (əдепкі
Start (Бастау) мəзірінің көрінісін қолданып) немесе Printers
(Принтерлер) (Classic Start (Классикалық бастау) мəзірінің
көрінісін қолданып) түймешігін басыңыз.
4. Өнім драйверінің белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties (Сипаттар) тармағын таңдаңыз.
5. Ports (Порттар) қойындысын басып, Configure Port
(Портты конфигурациялау) тармағын таңдаңыз.
6.
IP мекенжайын тексеріп, OK немесе Cancel (Бас тарту)
түймешігін басыңыз.
7. Егер IP мекенжайлары бірдей болмаса, драйверді жойып,
драйверді дұрыс IP мекенжайымен қайта орнатыңыз.
178
Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW