HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Баспа тапсырмасы қажет өнімге жіберілмеді.
1. Басып шығару кезегін ашып, басып шығару тапсырмасын іске қосыңыз.
2. Атауы бірдей немесе ұқсас басқа өнім басып шығару тапсырмасын алған болуы мүмкін.
Өнімнің атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурациялау
бетіндегі атаудың баспа жəне факс тізіміндегі атауға сəйкес келетінін тексеріңіз.
USB кабелімен жалғанған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім баспа
жəне факс тізімінде көрсетілмейді.
Бағдарламалық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
Mac амалдық жүйесінің Mac OS X 10.6 немесе кейінірек нұсқасы болатынын тексеріңіз.
Аппараттық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
3. Сəйкес жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз.
4. Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп болмауын қамтамасыз етіңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қосыңыз.
5. Екіден артық қуатсыз USB хабтарының тізбекте бір қатармен қосылғанын тексеріңіз.
Барлық құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы болып табылады.
USB қосылымын пайдаланған кезде жалпы принтер драйверін
қолданасыз
Егер бағдарламалық құралды орнатпастан бұрын USB кабеліне қосылсаңыз, осы өнімге
арналған драйвердің орнына жаплы принтер драйверін пайдалануыңыз мүмкін.
1. Жалпы принтер драйверін жойыңыз.
2. Бағдарламалық құралды өнімнің ықшам дискісінен қайта орнатыңыз. USB кабелін
бағдарламалық құралдың орнатым бағдарламасы сұрамайынша қоспаңыз.
3. Егер бірнеше принтер орнатылса, Format for (Пішімдеу) ашылмалы мəзірінен
Print
(Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі дұрыс принтер таңдағанын тексеріңіз.
KKWW
Mac жүйесіндегі өнім бағдарламалық құралының мəселелерін шешу
181