HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Түпкі
пайдаланушының лицензиялық келісімі Келісім»)(а) сіз (жеке тұлға немесе сіз өкілдік ететін
заңды тұлға) мен (б) Hewlett-Packard компаниясы («HP») арасында бағдарламалық құрал өнімін
Бағдарламалық құрал») пайдалану ережелеріне қатысты жасалған келісім-шарт. Сіз бен HP
немесе оның жабдықтаушылары арасында
осы Бағдарламалық құралға қатысты басқа
лицензиялық келісім (желілік құжаттамадағы лицензиялық келісімді қосқанда) болса, осы
Келісім қолданылмайды. «Бағдарламалық құрал» термині мынадай мағыналарды қамтуы
мүмкін: (а) ілеспе құрал, (б) пайдаланушы нұсқаулығы жəне басқа басылған материалдар жəне
(в) «желідегі» немесе электрондық құжаттар (жалпы айтқанда, «Пайдаланушы құжаттамасы
»).
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БАРЛЫҚ
ШАРТТАРЫМЕН ЖƏНЕ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ, ЖҮКТЕП АЛУ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ
ƏРЕКЕТТЕРІ ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА БАҒЫНАТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ. БҰЛ КЕЛІСІМДІ
ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТПАҢЫЗ, ЖҮКТЕП АЛМАҢЫЗ
НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ САТЫП АЛЫП, БҰЛ
КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, АҚЫСЫН ҚАЙТАРЫП
АЛУ ҮШІН ӨНІМДІ САТЫП
АЛҒАН ЖЕРГЕ ОН ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ ҚАЙТАРЫП БЕРІҢІЗ. ЕГЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ
190
Қосымша ə Қызмет жəне қолдау KKWW