HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

ОРНАТЫЛЫП ҚОЙСА НЕМЕСЕ БАСҚА HP ӨНІМІМЕН ҚОЛДАНЫЛСА, ӨНІМНІҢ
ҚОЛДАНЫЛМАҒАН БӨЛІГІН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЙТАРУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.
1. ҮШІНШІ ТАРАП БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ. Бұл Бағдарламалық құралға, HP
компаниясының жекеменшік бағдарламалық құралына («HP бағдарламалық құралы») қоса,
үшінші тараптар лицензиясымен берілген бағдарламалық құрал Үшінші тарап
бағдарламалық құралы» жəне «Үшінші тарап лицензиясы») кіруі мүмкін. Қандай да бір
үшінші тараптың бағдарламалық құралы тиісті үшінші тарап лицензиясының шарттары мен
жағдайлары негізінде беріледі. Əдетте, үшінші тарап лицензиясы «license.txt» немесе
«readme» сияқты файлдарда болады. Үшінші тарап лицензиясын таба алмаған жағдайда,
HP қолдау орталығына хабарласқан жөн. Үшінші тарап лицензияларында бастапқы кодты
(GNU жалпы қоғамдық лицензиясы сияқты) қолжетімді ететін лицензиялар болса жəне
тиісті
бастапқы код Бағдарламалық құралмен бірге берілмесе, оны алу туралы ақпаратты
HP веб-торабының (hp.com) өнімге берілетін қолдау беттерінен қараңыз.
2. ЛИЦЕНЗИЯ ҚҰҚЫҚТАРЫ. Осы келісімнің барлық шарттарымен жəне жағдайларымен
келіскен жағдайда, мынадай құқықтарға ие боласыз:
а. Пайдалану. HP компаниясы сізге HP бағдарламалық құралының бір нұсқасын
пайдалануға лицензия береді. «Пайдалану» сөзінің
мағынасыHP бағдарламалық
құралын орнату, көшіру, сақтау, жүктеп алу, орындау, көрсету немесе басқаша
пайдалану. HP Бағдарламалық құралын өзгертуге немесе оның қандай да бір
лицензиялау немесе басқару мүмкіндіктерін өшіруге болмайды. Бұл бағдарламалық
құралды HP компаниясы кескін өңдеу немесе басып шығару өнімімен (мысалы,
Бағдарламалық құрал принтер драйвері, микробағдарламасы немесе қосымша
бағдарламасы болса
) пайдалану үшін берген болса, оны тек сондай өніммен
(«HP өнімі») пайдалануға болады. Пайдалануға қатысты қосымша шектеулер
пайдаланушы құжаттамасында болуы мүмкін. HP бағдарламалық құралының
құрамдас бөліктерін бөліп пайдалануға болмайды. Сізге HP Бағдарламалық құралын
тарату құқығы берілмейді.
ə. Көшіру. Көшіру құқығы HP бағдарламалық құралының мұрағаттық немесе сақтық
көшірмесін жасау əрекетін білдіреді жəне оның
əр көшірмесі барлық түпнұсқа
HP бағдарламалық құралының жекеменшік туралы ескертпелерін қамтып, тек сақтық
көшірмесін сақтау мақсатында пайдаланылу керек.
3. ЖАҢАРТУЛАР. HP компаниясы жаңарту немесе қосымша (жалпы айтқанда, «Жаңарту»)
ретінде берген HP Бағдарламалық құралын пайдалану үшін, алдымен түпнұсқа
HP Бағдарламалық құралының HP компаниясы Жаңарту рұқсатын берген лицензиясын
алуыңыз керек. Жаңарту арқылы түпнұсқа
HP Бағдарламалық құралының алмастырылған
бөлігін бұдан əрі пайдалануға болмайды. HP компаниясы жаңартуға қатысты басқа
шарттар бермесе, осы Келісім əр Жаңарту үшін қолданылады. Осы Келісім мен осындай
басқа шарттар арасында қайшылық болса, басқа шарттар басшылыққа алынады.
KKWW
Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі
191