HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

4. ТАСЫМАЛДАУ.
а. Үшінші тарап тасымалы. HP Бағдарламалық құралының бастапқы түпкі
пайдаланушысы HP Бағдарламалық құралын басқа бір түпкі пайдаланушыға бір рет
бере алады. Басқа тұлғаға берген кезде, оған барлық құрамдас бөліктері, медиа,
пайдаланушы құжаттамасы, осы келісім жəне қажет болса, түпнұсқалық куəлігі кіреді.
Беру жөнелту сияқты жанама беру болмауы тиіс.
Берер алдында, берілетін
бағдарламалық құралды алатын түпкі пайдаланушы осы Келісімді қабылдау керек.
HP бағдарламалық құралы берілгеннен кейін, лицензияңыз автоматты түрде күшін
жояды.
ə. Шектеулер. HP бағдарламалық құралын жалға беруге немесе коммерциялық
мақсатпен бөлісуге немесе кеңседе пайдалануға болмайды. Осы келісімде тікелей
көрсетілмесе, HP бағдарламалық құралын қайта лицензиялауға, тағайындауға немесе
басқаша жолдармен үшінші тараптарға
беруге болмайды.
5. ЖЕКЕМЕНШІК ҚҰҚЫҚТАР. Бағдарламалық құрал мен пайдаланушы құжаттамасындағы
барлық зияткерлік меншік құқықтары HP компаниясы немесе оның жабдықтаушыларының
иелігінде жəне заңдармен, соның ішінде тиісті авторлық құқық, сауда құпиясы, патент жəне
сауда белгісі туралы заңдармен қорғалған. Бағдарламалық құралдан өнім
идентификаторларын, авторлық құқық ескертулерін немесе жекеменшік шектеулерді алып
тастауға болмайды.
6
. КЕРІ ЖОБАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУ. Тиісті заңмен рұқсат берілмесе, HP Бағдарламалық
құралын кері жобалауға, декомпиляциялауға немесе бөлшектеуге болмайды.
7. ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ. HP компаниясы жəне оның аффилиирленген
тұлғалары (а) бағдарламалық құралды немесе HP өнімін пайдалануыңызға немесе (б)
бағдарламалық құрал немесе HP өніміне қатысты көрсетілген қолдау қызметтеріне
қатысты берген техникалық ақпаратты
жинап, белгілі бір мақсатта пайдалануы мүмкін.
Мұндай ақпарат HP компаниясының құпиялық саясатына сəйкес пайдаланылады.
Пайдалану мүмкіндіктеріңізді кеңейту немесе қолдау қызметтерін беру қажеттілігі тумаса,
HP мұндай ақпаратты атыңыз көрінетіндей түрде пайдаланбайды.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕЛУІ. Орын алған зақымға қарамастан, осы келісім бойынша
HP компаниясы мен оның жабдықтаушыларының толық жауапкершілігі мен сіз
алатын
жалғыз өтемақыңыз өнімге төленген құннан артық мөлшермен немесе 5,00 АҚШ
долларымен шектеледі. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
ДƏРЕЖЕДЕ, ЕШБІР ЖАҒДАЙДА HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ, ТІПТІ HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫСЫ
МҰНДАЙ ЗИЯНДАР БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІНЕН ХАБАРДАР ЕТІЛСЕ ДЕ ЖƏНЕ ТІПТІ
МҰНДАЙ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ ӨЗІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ЖЕТЕ АЛМАСА ДА,
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУҒА ҚАТЫСТЫ
ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАНАМА, ҚОСЫМША, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЗИЯНДАР
(СОНЫҢ ІШІНДЕ АЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН ПАЙДА, ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ, ЖҰМЫСТЫҢ
ТОҚТАП ҚАЛУЫ, ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫ НЕМЕСЕ ҚҰПИЯЛЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ) ҮШІН
ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Кейбір штаттар немесе басқа юрисдикциялар жанама немесе
қосалқы зияндарды есептемеуге немесе шектеуге рұқсат бермейді.
Сондықтан жоғарыда
айтылған шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы мүмкін.
192
Қосымша ə Қызмет жəне қолдау KKWW