HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
Толық қайта өңдеу жəне пошталық төлем жапсырмалары мен хатқалталарға немесе
қораптарға тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін
www.hp.com/recycle торабына өтіңіз.
Төмендегі тиісті нұсқауларды орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1. Əр HP Officejet тонер картриджін түпнұсқалық қорапқа жəне қапшыққа ораңыз.
2. Жəшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың
салмағы 31 кг (70 фунт) дейін болуы мүмкін.
3. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1. Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз, не болмаса
www.hp.com/recycle
торабынан немесе 1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұраңыз (HP
Deskjet тонер картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1. HP Officejet тонер картриджін түпнұсқалық қапшыққа жəне қорапқа ораңыз.
2. Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
АҚШ жəне Пуэрто-Рико елдерінде HP Officejet тонер картридждерін қайта өңдеуге қайтару үшін
қораптағы алдын ала төленген, мекенжайы жазылған тасымалдау жапсырмасын
пайдаланыңыз. UPS жапсырмасын пайдалану үшін қорапты жеткізу немесе алып кету кезінде
UPS (Бірыңғай тасымалдау қызметі) мекемесіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау
орталығына апарыңыз. (Сұраныс бойынша UPS алып кету қызметінің
құны əдеттегі алып кету
бағасы бойынша есептеледі.) Жергілікті UPS қабылдау орталығының мекенжайын білу үшін
1-800-PICKUPS нөміріне қоңырау шалыңыз немесе
www.ups.com торабын қараңыз.
Егер FedEx жапсырмасы арқылы қайтаратын болсаңыз, онда қорапты АҚШ пошта қызметінің
тасымалдаушысына беріңіз немесе FedEx жүргізушісіне келесі жеткізу немесе алып кету кезінде
беріңіз. (Сұраныс бойынша FedEx алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы
бойынша есептеледі). Немесе қапталған тонер картридж(дер)ін кез келген АҚШ пошта
қызметіне немесе
FedEx тасымалдау орталығына, не қоймасына апарып тастауға болады. Ең
жақын орналасқан АҚШ пошта қызметінің мекенжайын 1-800-ASK-USPS телефоны арқылы
немесе
www.usps.com торабынан білуге болады. Ең жақын орналасқан FedEx тасымалдау
орталығының/қоймасының мекенжайын 1-800-GOFEDEX нөміріне қоңырау шалып немесе
www.fedex.com торабына кіріп білуге болады.
210
Қосымша в Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау бағдарламасы KKWW