HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
Өнімді USB кабелі арқылы жалғау
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабельді пайдаланыңыз. HP
компаниясы USB кабельдің 2 метр ұзын емес болуын ұсынады.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы қосуды ұсынғанша USB кабелін қоспаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Принтер тегіс бетте қолдануға арналған. Принтер тегіс бетте
қолданылмаған кезде, картридждерде қалған сия деңгейлері туралы теріс хабарлар түсуі
мүмкін.
Ықшам дискіден орнату
1. Компьютердегі барлық бағдарламалардан шығыңыз.
2. Бағдарламалық құралды ықшам дискісінен орнатып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Mac компьютеріне орнатсаңыз, HP Installer (НР орнатушы) белгішесін
басыңыз.
3. Сұралған кезде, USB-Connect the printer to the computer using a USB cable
(Принтерді компьютерге USB кабелі арқылы қосу) параметрін таңдап, Келесі түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB арқылы қосылғанда Web Services (HP ePrint жəне басып шығару
қолданбалары) қолжетімді емес сияқты хабар тілқатысу терезеде көрсетіледі. USB порты
арқылы орнатуды жалғастыру үшін Yes (Иə) түймешігін басыңыз. USB порты арқылы
орнатпау үшін No (Жоқ) түймешігін басыңыз.
4. Бағдарлама ұсынғанда, USB кабелін өнім мен компьютерге жалғаңыз.
5. Орнату аяқталғаннан кейін, бағдарламалық құралдың дұрыс орнатылуына көз жеткізу үшін
тест парағын немесе кез келген басып шығару бағдарламалық құралының парағын басып
көріңіз.
30
Бап 3 Өнімді жалғау KKWW










