HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Өнімді сымсыз желіге қосу (тек сымсыз модельдер
үшін)
Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпай тұрып, өнім желіге ethernet кабелі арқылы
жалғанбағанын тексеріңіз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
жүйе əкімшісінен сымсыз маршрутизатор желісінің параметрлерін алыңыз немесе келесі
тапсырмаларды орындаңыз:
Сымсыз желі атауын немесе SSID (қызметтер жиынтығының ұқсатқышы) алыңыз.
Сымсыз желі үшін қауіпсіздік кілтсөзін немесе шифрлау
кілтін анықтаңыз.
Өнімді сымсыз желіге Wireless Setup Wizard (Officejet Pro X551)
арқылы жалғау
Егер сымсыз маршрутизатор WiFi-Protected Setup (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы)
стандартын қолдамаса, өнімді сымсыз желіде орнату үшін осы əдісті пайдаланыңыз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Орнату)
түймешігін түртіңіз.
2. Network (Желі) түймешігін түртіп, одан кейін Wireless Setup Wizard Сымсыз байланыс
орнату шебері») түймешігін басыңыз.
3. Құрал қол жетімді сымсыз желілерді іздеп, табылған желілер тізімін көрсетеді (SSID
атаулары). Егер бар болса, сымсыз маршрутизаторға арналған SSID атауларын тізімнен
таңдаңыз. Егер сымсыз маршрутизаторға арналған SSID атаулары
тізімде жоқ болса, Enter
SSID («SSID енгізу») түймесін түртіңіз. Желі қауіпсіздігінің түрі қажет етілсе, сымсыз
маршрутизаторы үшін пайдаланылатын параметрді таңдаңыз. Басқару панелі дисплейінде
пернетақта ашылады.
4. Егер сымсыз маршрутизатор үшін WPA қауіпсіздігі пайдаланылса, пернетақтаға құпия сөз
тіркесін енгізіңіз.
Егер сымсыз маршрутизатор үшін WEP қауіпсіздігі пайдаланылса, пернетақтаға кілт сөзді
енгізіңіз.
5
. OK түймесін басып, өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша күтіңіз.
Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
WPS стандарты арқылы өнімді сымсыз желіге жалғау
1. Басқару тақтасындағы Сымсыз байланыс түймешігін (X451 Series) басыңыз немесе
(X551 Series) түртіңіз.
2. Сымсыз байланыс мəзір түймешігін басыңыз.
36
Бап 3 Өнімді жалғау KKWW