HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

3. Wi-Fi қорғалған орнатымы түймешігін түртіп, одан кейін Continue (Жалғастыру) түймешігін
басыңыз.
4. Баптауды орнату үшін келесі əдістердің бірін таңдаңыз:
Pushbutton Түйме»): Push Button (Түймешік) опциясын таңдап, басқару панеліндегі
нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы
мүмкін.
PIN коды: PIN кодын жасау опциясын таңдап, басқару
панеліндегі нұсқауларды
орындаңыз. Өнім, сымсыз маршрутизатордың баптау экранында терілетін, бірегей
PIN кодын жасайды. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Егер бұл əдістің көмегі тимесе, бағдарламаны басқару тақтасындағы Wireless Setup
Wizard («Cымсыз орнату шебері») параметрін немесе USB кабельді байланысы əдісін қолданып
көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғау (Officejet Pro X451
ғана)
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
өнімді сымсыз желіде баптау үшін осы əдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін
USB кабелін пайдалану сымсыз байланыстың бапталуын жеңілдетеді. Баптау жұмысы
аяқталғаннан кейін USB кабелін ажыратып, сымсыз байланысты пайдалануға болады.
1. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
. Ұсынылған кезде Сымсыз - принтерді сымсыз желі
мен интернетке қосыңыз. опциясын таңдаңыз. Ұсынылған кезде өнімге USB кабелін
жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
3. Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін конфигурация бетін
басып шығарыңыз.
4. Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз.
Қазіргі уақытта желідегі сымсыз өнім үшін бағдарламалық құралды
орнату
Өнімнің сымсыз желіде бұрыннан IP мекенжайы болып, компьютерге өнімнің бағдарламалық
құралын орнату керек болса, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын алу үшін өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW
Өнімді сымсыз желіге қосу (тек сымсыз модельдер үшін)
37