HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Mac амалдық жүйесіндегі принтер драйверінің
параметрлерін өзгерту
Бағдарламалық құрал жабылғанша принтердің барлық
тапсырмаларының параметрлерін өзгерту
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару түймешігін басыңыз.
2. Керекті параметрлерді түрлі мəзірлерде өзгертіңіз.
Принтердің барлық тапсырмаларының стандартты параметрлерін
өзгерту
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару түймешігін басыңыз.
2. Керекті параметрлерді түрлі мəзірлерде өзгертіңіз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап,
алдын ала орнату атауын теріңіз.
Бұл параметрлер Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінде сақталады. Жаңа
параметрлерді пайдалану үшін бағдарламаны əрбір ашқан жəне басып шығарған кезде
сақталған алдын ала белгіленген
параметр опциясын таңдауыңыз керек болады.
Өнім конфигурациясының параметрлерін өзгерту
1. Apple мəзіріндегі Жүйе ерекшеліктері мəзірін басып, Басып шығару жəне сканерлеу
белгішесін таңдаңыз.
2. Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
3. Опциялар мен жабдықтар түймешігін басыңыз.
4. Драйвер қойындысын басыңыз.
5. Орнатылған опцияларды реттеңіз.
KKWW
Mac амалдық жүйесіндегі принтер драйверінің параметрлерін өзгерту
51