HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Қағаз бен баспа құралдарын пайдалану туралы
Бизнеске арналған HP Officejet сиялары НР баспа механизмдерімен қолдану үшін арнайы
жетілдірілген. Бірегей сия пішімдеулері баспа механизмдерінің өмірін кеңейтуге жəне
сенімділікті жетілдіруге көмектеседі. ColorLok® қағазымен қолданған кезде, бұл сиялар жылдам
кебетін жəне таратуға дайын лазерлі сияқты түс нəтижесін береді.
Бұл өнім əр түрлі қағаз жəне басқа баспа материалдарын қолдайды. Осы
нұсқауларға сай
келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі нашар баспа сапасын, кептелістердің көптігін
жəне оның уақытынан бұрын істен шығуын тудырады.
Кейбір жағдайларда тіпті осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін
қағазға басып шығарған кезде де, басып шығару сапасының қанағаттанарлықсыз болуы
байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың, қолайсыз температура мен
ылғалдылық жағдайында
пайдаланудың, сондай-ақ Hewlett-Packard компаниясының бақылауы
мүмкін емес басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясы белгілеген талаптарға сай келмейтін арқауды пайдалану басып
шығарғыштың зақымдалуына жəне оны жөндеу қажет болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай
жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы
келісімі қолданылмайды.
Ең жоғары нəтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды жəне сиялы
принтерлерге арналған немесе əмбебап баспа құралдарды пайдаланыңыз.
Сиялы принтерлерге арналған қағазды не баспа құралдарын пайдаланбаңыз.
Hewlett-Packard компаниясы басқа компаниялардың баспа құралдарын пайдалануды
ұсынбайды, себебі HP олардың сапасын бақылай алмайды.
ЕСКЕРІМ: Тегіс қағаздардың ауқымын қолданып HP iшкі сынаққа негізделіп, НР осы құрал
үшін ColorLok® логотипі бар қағаздарды қолдануды ұсынады. Толық деректерді www.hp.com/
go/printpermanence торабынан қараңыз.
Арнайы қағазды немесе баспа құралын пайдаланғанда қанағаттандырарлық нəтижелер алу
үшін келесі нұсқауларды орындаңыз. Ең жақсы нəтижелер алу үшін принтер драйверінде қағаз
түрі мен өлшемін орнатыңыз.
56
Бап 6 Қағаз жəне баспа құралдары KKWW