HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide
Науаларды конфигурациялаңыз
Əдеттегі режимде өнім қағазды 2-науадан тартып алады. 2-науа бос болса, өнім қағазды 1-
науадан немесе орнатылған болса 3-науадан алады. Осы өнімнің науасын реттеу
пайдаланылып жатқан қағаз түрін ең жақсы сапада басып шығару үшін жылу мен жылдамдық
параметрлерін өзгертеді. Өнімдегі барлық немесе көптеп басып шығару тапсырмалары үшін
арнайы қағаз пайдаланылса,
өнімдегі осы стандартты параметрді өзгертіңіз.
Келесі кестеде науа параметрлерін басып шығару қажеттіліктері үшін пайдаланудың мүмкін
жолдарының тізімі көрсетілген.
Қағаз пайдалану Өнімді конфигурациялау Баспа
1-науа мен екінші науаға да бірдей
қағаз салыңыз, науаның біреуі бос
болса, өнім қағазды басқасынан
алады.
Қағазды 1-науаға салыңыз. Түр мен
өлшемнің стандартты параметрлері
өзгертілмеген болса, конфигурация
қажет емес.
Бағдарламадан тапсырманы басып
шығарыңыз.
Арасында жай қағаз салатын науада
қатты қағаз немесе фирмалық бланк
сияқты арнайы қағазды
пайдаланыңыз.
Арнайы қағазды 1-науаға
салыңыз. Басып шығару тапсырмасын жіберу
алдында бағдарламаның басып
шығару диалог терезесінде науаға
салынған арнайы қағазға сай қағаз
түрін таңдаңыз. 1-науаны Қағаз/сапа
қойындысынан (Windows) немесе
Paper Feed (Қағаз беру) мəзірінен
(Mac) қағаз көзі ретінде таңдаңыз.
Бір науада қатты қағаз немесе
фирмалық бланк сияқты арнайы
қағазды жиі пайдаланыңыз.
1-науаға арнайы қағазды салып,
науаны
осы қағаз түріне
конфигурациялаңыз.
Басып шығару тапсырмасын жіберу
алдында бағдарламаның басып
шығару диалог терезесінде науаға
салынған арнайы қағазға сай қағаз
түрін таңдаңыз. 1-науаны Қағаз/сапа
қойындысынан (Windows) немесе
Paper Feed (Қағаз беру) мəзірінен
(Mac) қағаз көзі ретінде таңдаңыз.
Науалардың параметрлерін реттеу
1. Өнімнің қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Төмендегі əрекеттердің біреуін орындаңыз:
●
Басқару тақтасы: (X451 Series) немесе (X551 Series) Setup (Орнату)
түймешігін
басып, Paper Handling (Қағазды қолдану) түймешігін басыңыз не түртіңіз, одан кейін
Paper Selection (Қағазды таңдау) түймесін басыңыз не түртіңіз. Конфигурацияланатын
науаны таңдаңыз.
●
Ендірілген веб-сервер: Параметрлер қойындысын басып, сол жақ панельде Paper
Settings (Қағаз параметрлері) пəрменін таңдаңыз. Əрбір науа үшін Default Media
Size (Əдепкі медиа
өлшемі) жəне Default Media Type (Əдепкі медиа түрі) параметрін
таңдаңыз.
3. OK түймешігін басыңыз немесе Apply (Қолдану) пəрменін таңдаңыз.
KKWW
Науаларды конфигурациялаңыз
67










