HP Officejet Pro X451 and X551 - User's Guide

Жабдықтарда пайда болған мəселелерді шешу
Сия картридждерін тексеру
Баспа сапасы ақаулықтары туындаса, Баспа сапасын жақсарту 157-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Жалпы Office баспа параметрін қолданғанда басылып шығатын қағаздар ашық
болып көрінуі мүмкін.
Сия картриджін ауыстыру қажет екенін анықтасаңыз, шынайы HP сия картриджінің бөлік нөмірін
табу үшін жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз немесе картриджге қараңыз.
Қайта толтырылған немесе өңделген баспа картридждері
Hewlett-Packard компаниясы НР шығармаған жаңа немесе қайта жасалған жабдықтарын
пайдалануды ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері болмағандықтан, HP компаниясы
олардың əзірленуіне ықпал ете алмайды жəне сапасын бақылай алмайды. Қайта толтырылған
немесе қалпына келтірілген сия картриджін қолданып жатсаңыз жəне баспа сапасына
қанағаттанбасаңыз, картриджді шынайы НР картриджімен ауыстырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Шынайы HP сия картриджін HР-емес сия картриджімен ауыстырып жатсаңыз, баспа
механизмі сол сия баспа механизмінде таусылмайынша НР емес сияны əлі де қамтиды жəне
ол жаңадан орнатылған, түпнұсқа НР сия картриджінен алынатын сиямен беріледі.
Баспа сапасының бетін аудару
1.
Құрылғының басқару тақтасындағы Setup (Орнату)
түймешігін басыңыз (X451 Series)
немесе түртіңіз (X551 Series).
2. Print Reports (Баспа есептері) мəзір пəрменін басыңыз немесе түртіңіз.
3. Басып шығару үшін Print Quality Report (Сапа есебін басып шығару) пəрменін басыңыз
немесе түртіңіз.
4. Басып шығарылатын беттегі нұсқауларды орындаңыз.
Бұл бетте түстің төрт лентасы бар, ол төмендегі суретте көрсетілгендей
топтарға бөлінеді. Əр
бөлімді тексере отырып, белгілі бір тонер картриджіндегі ақаулықты бөліп алуға болады.
KKWW
Жабдықтарда пайда болған мəселелерді шешу
77